Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ҚРҮҚ 320 негізінде ТМД елдерінен келген шетелдіктер медициналы | QoldauINFO

ҚРҮҚ 320 негізінде ТМД елдерінен келген шетелдіктер медициналық көмек алады

2 бап
Жедел және шұғыл медициналық көмек науқастың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына қауiп төндiретiн кенеттен болған қатты жай-күй мен ауру кезiнде, қайғылы оқиғалар, улану, жарақат алу, босану мен жүктiлiк кезiндегi шұғыл жай-күй кезiнде уақытша келген мемлекет аумағында ұйымдастырушылық-құқықтық түрiне, ведомстволық тиiстiлiгi мен меншiк түрiне қарамастан емдеу алдын алу мекемелерiмен (бұдан әрi - ЕАМ) азаматтарға тоқтаусыз тегiн және толық көлемде көрсетiледi.
Науқастың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына төнген қауiп жойылып, көлiкпен алып жүру мүмкiн болған сәттен бастап, одан әрi көрсетiлетiн медициналық көмек ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Науқасты көлiкпен қауiпсiз алып жүру мүмкiндiгiн медициналық көмек көрсететiн, көлiкпен алып жүру туралы қорытындының дұрыстығы үшiн заңды жауапкершiлiктi мойнына алатын ЕАМ-нiң клиникалық-сараптама комиссиясы анықтайды.

3 бап Уақытша келген мемлекет аумағында азаматтарға жоспарлы медициналық қызмет көрсету келiсiмдi бағалар немесе қолданылып жүрген прейскуранттар бойынша өзара есеп жүргiзу арқылы ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Жоспарлы медициналық көмектiң қандай да бiр түрiн көрсетудiң негiзi - тиiстi медициналық құжаттардың болуы мен жолдаушы елдiң медициналық көмектiң нақты құнын төлейтiндiгi туралы кепiлдi мiндеттемесi.
Көрсетiлген құжаттар болмаған жағдайда жоспарлы медициналық көмек емдеудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала ақы төлегеннен кейiн, әрi қарай ЕАМ мен пациенттiң немесе оның өкiлi болып табылатын заңды (жеке) тұлғаның арасында нақты шығындар бойынша өзара есеп айырысу жүргiзiле отырып көрсетiледi.
Жекелеген жағдайларда ауыр сырқаттардан зардап шеккендерге жоспарлы консультативтiк және емдеу-диагностикалық медициналық көмек Тараптардың келiсiмi бойынша басқаша жағдайларда да көрсетiлуi мүмкiн. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P000000320_

#мәмс #осмс #тмд #снг #иностранцы #шетелдіктер