Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қазақстандағы еңбек демалысының түрлері Демалыс – демалу уақы | PRAVOSITE.KZ - юридический канал

Қазақстандағы еңбек демалысының түрлері

Демалыс
– демалу уақытының бір түрі ретінде,жұмыс орны (лауазымы) мен Еңбек Кодексімен белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату болып табылады. <ҚР ЕК 80 бабының 1 тармағының, 13 тармақшасы>
Еңбек Кодексінің 22 және 23 баптарында жұмыс берушінің жұмыскерге тынығуға, және оған тең жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бекітілген.
Заңнамамен келесі түрлері қарастырылған:
жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы - жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы
ҚР еңбек демалысы келесі түрлерге бөлінеді:
негізгі – еңбек келісім шарты бойынша жұмыс атқаратын тұлғалардың бірін қалдырмай берілетін, міндетті сипатта болады;
қосымша – Еңбек кодексі және басқа да номративтік құқықтық актілеріне сәйкес жеке санаттағы персоналдарға берілетін, міндетті сипатта болады;
көтермелеу сипатындағы қосымша – еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін, міндетті болып табылмайды. <ҚР ЕК 89 бабы>
Жалпы ұзақтығын есептеу кезінде негізгі және қосымша еңбек демалыстарының күндер саны қосылады.

Еңбек кодексі бойынша қанша күн демалыс беріледі (еңбек демалысының ұзақтығы)

Қосымша еңбек демалысы

Еңбек демалысының төлемі

Демалыс беру, ауыстыру не жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу

Қолданылмаған еңбек демалысына өтемақы

Сайттағы жауаптар мен түсініктемелер