Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Хабар 24 жаңалықтар

Логотип телеграм канала @khabar24kaz — Хабар 24 жаңалықтар Х
Логотип телеграм канала @khabar24kaz — Хабар 24 жаңалықтар
Адрес канала: @khabar24kaz
Категории: Без категории
Язык: Русский
Количество подписчиков: 237
Описание канала:

Қазақстанда тәулік бойы ақпарат тарататын тұңғыш телеарна

Рейтинги и Отзывы

4.00

2 отзыва

Оценить канал khabar24kaz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 2

2022-07-16 13:43:10 Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары рейстерді кешіктіргені үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Дәлірек айтқанда, жолаушылар Алматы – Мале, Нұр-Сұлтан – Ташкент, Алматы – Қостанай және басқа да рейстердің кешіктірілгеніне қатысты шағымданған.

Осыны негізге алып, Азаматтық авиация комитеті тергеу жүргізеді. Жолаушылар құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қолданыстағы заңнамаға сай, рейс тасымалдаушының кінәсінен кідірген немесе орындалмаған жағдайда жолаушыларға ана мен бала бөлмесі берілуі тиіс.

Рейс 2 сағатқа кешіккен жағдайда салқын сусын, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ және түнгі уақытта ыстық тамақ тегін берілуі қажет. Сондай-ақ күндіз 8 сағаттан аса және түнде 6 сағаттан артық күткен жағдайда қонақүй, көлік тасымалы қамтамасыз етілуі тиіс.
60 views10:43
Открыть/Комментировать
2022-07-16 10:58:33 Қарағанды қаласында үйлердің ауласынан жаңа туған шақалақ табылды

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы ауруханалардың біріне жаңа туған ер бала жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Ол көпқабатты үйлердің ауласынан қорап ішінен табылған. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды. Оқиға куәгері 21 жастағы тұрғынның айтуынша, кешкілік уақытта үйінен шығып бара жатқанда ауладағы орындықта тұрған картон қорабты көрген. Ішінде көрпешеге оралған сәби болған. Ол нәрестені жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлердің сөзінше, анасы шамамен екі сағат бұрын үй жағдайында босанған. «Нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, жағдайы әзірге ауыр. Қазіргі уақытта бала перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері баланың 23 жастағы анасын анықтап ұстады. Жас ана облыс тұрғыны екені белгілі болды. Аталған факті полицияда тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
59 views07:58
Открыть/Комментировать
2022-07-15 18:25:20 Елде коммуналдық қызмет бағасы қымбаттайды

Екінші жартыжылдықта тарифтер 10%-ке өсуі мүмкін. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай деді.

Бұған дейін тұрғындар үшін коммуналдық қызмет құнын көтермеуге бағытталған мораторий мерзімі аяқталды. Вице-министр коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне жол берілмейтінін айтты. Әр аймақта қаржының мақсатты пайдалануына бақылау жүргізілмек.
55 views15:25
Открыть/Комментировать
2022-07-15 09:56:33 Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
55 views06:56
Открыть/Комментировать
2022-07-15 08:39:14 Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
56 views05:39
Открыть/Комментировать
2022-07-15 07:14:01 Ақтөбенің халықаралық әуежайы қаладан 30 шақырым жерге көшіріледі

Мамандар қазір шаһардың бас жоспарына түзетулер енгізіп жатыр.  Бұл жоспар іске асса, әуе кемелерін қабылдайтын ұшып-қону алаңы Алға ауданының Нұрбұлақ және Ақсазды ауылдарының маңында болады.

Әуежайды қаладан қашыққа салу алты жыл бұрын бекітілген бас жоспарда  болған. Алайда қаражат тапшылғынан құрылыс  кейінге шегерілген. Жалпы билік өкілдері әуежайды көшіру уақыт талабы дейді. Себебі қазіргі тұрған жеріне бау-бақша ұжымдары жақын орналасқан. 
57 views04:14
Открыть/Комментировать
2022-07-14 15:05:05 Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады

Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Президентке қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды. Марат Ахметжановтың айтуынша, қарақшылық, бопсалау және мал ұрлығы фактілері азайған. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі көтерілген.

Министрлік полиция тергеуінің видеоформатын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ қылмыстық процесті цифрландыру ісі жалғасуда. Бүгінде барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 81,7 пайызы электрондық форматта тергеледі.

Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру аясында аса ауыр санаттағы 928 істі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жолданды. Мысалы, елордалық полицейлер компаниялардың бірінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген. Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқаруға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Есірткі қылмысына қарсы күрес аясында жыл басынан бері 1354 қылмыс анықталды. «Қара нарықтағы» құны шамамен 4,5 миллиард теңге болатын заңсыз айналымдағы 3,5 тонна есірткі тәркіленді.

Министр Мемлекет басшысына Қоғамдық қауіпсіздікті халықпен бірлесіп қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелері туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өтті. Президент еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
63 views12:05
Открыть/Комментировать
2022-07-14 09:33:24 Серікқали Брекешевке геология және биоаулантүрлілік саласындағы сапасыз орындалған жұмысы үшін сөгіс жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды.

Қаржы бөлінді. Алайда, бұл маңызды міндет әлі орындалмады, сылтау көп. Бұл ретте, біліктілік жоқ па, әлде қасақана орындалмай отыр ма? Орындаушылар үшін түбі жақсылыққа апармайтынын ескертемін. Бұл, ең алдымен, тиісті министрлікке, сондай-ақ басқа да министрліктерге қатысты. Министрге сөгіс жариялаймын, – деді Мемлекет басшысы.
53 views06:33
Открыть/Комментировать
2022-07-14 09:30:04 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.

Біз қант импортына 90 пайыз тәуелдіміз. Бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шешімге сілтей салуға болады. Бірақ қандай жағдай болсын, бұл Үкіметтің елеулі қателігі. Демек, мемлекеттің мүддесін қорғай алмадық. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын, – деді Президент.
49 views06:30
Открыть/Комментировать
2022-07-14 09:01:57 Президент:

«Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет.

Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек.

Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті»
42 views06:01
Открыть/Комментировать