Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Хабар 24 жаңалықтар

Логотип телеграм канала @khabar24kaz — Хабар 24 жаңалықтар Х
Логотип телеграм канала @khabar24kaz — Хабар 24 жаңалықтар
Адрес канала: @khabar24kaz
Категории: Без категории
Язык: Русский
Количество подписчиков: 237
Описание канала:

Қазақстанда тәулік бойы ақпарат тарататын тұңғыш телеарна

Рейтинги и Отзывы

4.00

2 отзыва

Оценить канал khabar24kaz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения

2022-07-19 12:08:51
Бүгін, 19 шілдеде, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайтыс болғанына төрт жыл толды.

2018 жылы дәл осы күні танымал спортшы Алматыда автоұрылардың қолынан қаза тапты. Тен алған жарақатынан көп қан жоғалтып, салдарынан ауруханада көз жұмды.

Денис 1993 жылы 13 маусымда Алматыда өмірге келген. Ол үш жасынан бастап коньки тепкен. 2003 жылы 10 жасар Денисті танымал бапкер Елена Буянова байқап, Мәскеуге шақырған. Жеті жыл бойы Мәскеуде ол мәнерлеп сырғанауды меңгерді.

Денис өзінің алғашқы ірі жеңісіне 12 жасында Қазақстан чемпионатында қол жеткізген.

2013 және 2015 жылғы әлем чемпионатында, 2015 жылғы құрлықтық чемпионатта, 2017 жылғы қысқы Универсиадада, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарында және мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде медаль жеңіп алған жалғыз қазақстандық спортшы.
27 views09:08
Открыть/Комментировать
2022-07-19 07:15:38 НАТО процесі: Ердоған ескерту жасады

Финляндия мен Швеция терроризмге қарсы күреске қатысты берген уәдесінде тұрмаса, Түркия олардың НАТО-ға кіру процесін тежейді. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлімдеді.

Түрік басшысы Швецияның бұл бағытта ешнәрсе тындырмағанын айтады. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін іле-шала Финляндия мен Швеция НАТО құрамына кіруге өтініш берген.

Алайда «террористік топтарға қолдау көрсетіп жүр» деп Түркия қарсы шықты. Маусымда Мадридте өткен үшжақты кездесуде тараптар Анкара келісіміне қол қойған. Келісімшарт бойынша солтүстік елдер терроризмге қарсы күресте қару-жарақ экспортына қатысты міндеттемелерді орындауы тиіс
35 views04:15
Открыть/Комментировать
2022-07-18 14:09:06 Елімізде қант қызылшасын егу көлемі ұлғайтылады

Елімізде қант қызылшасын егу көлемі 60 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек Жамбыл облысының фермерлермен кездесу барысында осылай деді.

Жиында аграрлық өндірістік кешенді дамыту мәселелері мен күзгі дала жұмыстарының барысы талқыланды.

Қазір оңтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен қамтамасыз ету оңай болмай тұр.

Бұған қоса фермерлерді техникалық құралмен жабдықтау қиындықтары тағы бар.

Сондықтан вице-министр шаруалардың мәселелері мен ұсыныстарын назарға ала отырып, қант өндірісін жаңғырту жоспарын пысықтады.
41 views11:09
Открыть/Комментировать
2022-07-18 12:02:33 Алакөлде болған өрттің себебі анықталды

Алакөлдегі 17 ғимараттың күлін көкке ұшырған өртке үйлердің тығыз орналасуы себеп болған.

Алапат өрттің мән-жайы әлі де егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр. Дегенмен, мамандар бүгін осындай қорытындыларымен бөлісті.

Ол аздай жалынның тез таралуына жел мен құрғақ ауа райы ықпал еткен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Алакөлдегі жағдай бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Барлық қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Өртке кінәлі адам анықталса, оған материалдық залалды қалпына келтіру міндеті жүктеледі.

Дмитрий Титов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары: 

- Өрттің басты себебі үйлердің тығыз салынуынан. Бұл үйлер ағаштан жасалғандықтан жалынның тез тарауына ықпал етті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 2 минутта жеткенін айтқым келеді. Кейін жақын жердегі өрт сөндіру бөлімшелерінен қосымша күштер мен құралдар жеткізілді, тіпті жергілікті атқарушы органдар да жұмылдырылды. 

Жалпы жыл сайын елімізде 800-ге жуық орман және дала өрті тіркеледі. Биыл да жағдай оңып тұрған жоқ. Қазгидрометтің болжамы бойынша үшінші тоқсанда ауа температурасы орташа +30ºС-қа дейін жетеді.

Ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығымен ауа температурасы +40ºС-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Мұның бәрі ормандағы өрт қаупін едәуір арттырады, деді комитет төрағасы Нұрболат Дербісов.

Осыған дейін елімізде тіркелген өрттердің 43%-і табиғи құбылыстардан, ал 50%-тен астамы адамдардың қатысуымен болған.
46 views09:02
Открыть/Комментировать
2022-07-18 09:17:18 Харапуновтың ШҚО-дағы 8 жер учаскесі тәркіленуі мүмкін

Мемлекеттік активтерді заңсыз иемдену ісі бойынша 8 мыңға жуық актіні прокуратура зерттеп жатыр.

Мысалы, Үкіметтің қаулысы мен сот шешімдері бойынша жеке фирма 629 теміржолды ақысыз алған.

Бұл тасымал тарифінің 10 есе өсуіне әкелген.

Жуырда Жамбыл облысында 1,7 млрд теңгеге заңсыз жекешелендірілген 3 объект сот тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Шығыс Қазақстан облысында Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу туралы іс қозғалды.

Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Төлешовтің ісі де қаралып жатыр.

Бұл шаралар мемлекетке 30 млрд теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді.

Монополияға қарсы орган мұнай-газ, фармацевтика, көлік-логистика және экономиканың басқа да секторларында талдау жүргізеді.

Жамбыл облысында 697 млн теңге монополиялық табыс алған «Қазфосфат» зауытының басшылығына қатысты тергеу басталды.
44 views06:17
Открыть/Комментировать
2022-07-18 08:49:05 20-21 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барады.
43 views05:49
Открыть/Комментировать
2022-07-18 07:56:15
Кореяда адамдарды дрондармен тасымалдауға рұқсат етуі мүмкін
46 views04:56
Открыть/Комментировать
2022-07-18 06:45:20 Қазақстан азаматтығын алған Кенияның жеңіл атлеті АҚШ-та финалға шықты

Жерлестеріміз финалға шықты. Дәл қазір АҚШ төрінде жеңіл атле тикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесі өтті.

Іріктеу кезеңіне Қазақстан азаматтағын алған қос кениялық қыз қатысқан.

Оның ішінде Нора Джеруто аталған аралықты 09:01:54 бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Ал Дэйзи Джепкемей финалға өте алмады. Айта кету керек, Нора тек өз тобында ғана емес, жалпы қатысушылар арасында көш бастап тұр.

Енді ол 20 шілде күні финалда медальға қол созып көреді.

Шешуші сынға 42 спортшының тек 15-і ғана жолдама алды.

Бұған қоса, 10 мың метрге жүгіруде тағы бір қазақстандық Каролин Кипкируи ел рекордын жаңартты.

Бірақ, финалға өте алмады. Биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая 1.93 метр нәтижесін тіркеп, финалға шықты. Ал үш қарғып секіруде қазақстандық Мария Ефремованың жолы болмады.

Оның көрсеткіші – 3 метр 27 сантиметр. Юджин қаласындағы әлем чемпионаты 24 шідеге дейін жалғасады.
48 views03:45
Открыть/Комментировать
2022-07-17 15:57:11
Бөгет құрылысын Шилі ауылының халқы 30 жыл бойы күтті: сол бөгеттен пайда жоқ
51 views12:57
Открыть/Комментировать
2022-07-17 15:53:19 Семей қаласында Абай күніне орай жерлестер форумы өтеді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жергілікті кәсіпкерлер қауымымен кездесті. Облыс басшысы өз сөзінде Семейден шыққан кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесіп тұру идеясын жеткізді.

«10 тамызда Абайдың туған күнін атап өтеміз. Бұл ұлы ақынның атымен аталатын облыстың құрылғаннан кейін хакімге көрсететін алғашқы құрметі болмақ. Сондықтан бұл мереке есте қаларлықтай өткенін қалаймыз. Осы ретте, Семей өңірінің тумаларының басы қосылатын Жерлестер форумын өткізуді ұсынамыз», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысы онда түрлі салада жетістіктерге жеткен, туған қаласына деген сүйіспеншілігі мен жаңа өңірдің дамуына атсалысуға ниеті бар ірі бизнес өкілдері шақырылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта кездесуге қатысушылардың тізімі жасалып жатыр. Кәсіпкерлер шақырылатын адамдарды өздері ұсынып, алдағы форумды ұйымдастыруға белсене қатыса алады.
51 views12:53
Открыть/Комментировать