2021-03-26 12:01:30
Достар, «Қазақтелеком» командасы мини-футболдан Алматы премьер-лигасының 18-ші чемпионатында жеңіске жетті! Шешуші ойын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңында өтті.
Біздің жігіттер бірінші орын үшін «Энергоколледж» командасымен күрес жүргізді. Соңғы ойындардың алдындағы ұпай айырмасы 2 ұпай еді: «Энергоколледж» — 43, «Қазақтелеком» — 41.
«Ымырасыз бәсеке болды! Бірақ жылдар бойы бірге ойнап, әбден ысылған құрам, ұйымшыл ойын, алтын алуға деген ынта-жігер жемісін берді — біз жеңіп шықтық», — дейді командамыздың мүшесі, «Қазақтелеком» «Сервис фабрикасының» Алматы өңірлік директоры Шыңғысхан Имниаминов.
Чемпионат тағдыры басқаша болуы да мүмкін еді. Соңғы турға дейін «Қазақтелеком», «Энергоколледж» және «Күнту-Нартай» чемпиондық үшін таласып келді. Бірақ соңғы тур алдында ғана «Күнту-Нартай» күтпегенде «Тұран» университетінің командасынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды, ал «Қазақтелеком» мен «Энергоколледж» матчында 0:0 есебі тіркеліп, қызықтың бәрі соңғы турға қалды.
«Ойын киім алмастыру бөлмесінен басталады. Дәл сол жерде жиналып, жеңіске жігерлену керек, әрі темір тәртіп пен мықты тактика да керек. Жеңістің кілті осында. Командам жеңіс үшін барын салғаны, жігіттер бір-бірін жақсы түсініп, алаңды көре алатыны мені қуантады», — дейді «Қазақтелеком» командасының бапкері Серік Жаманқұлов.
Чемпионат қорытындысы бойынша, біздің команда алтын медаль алды, голкипер Батыржан Боранбаев чемпионаттың үздік қақпашысы болды, 29 гол соққан жас шабуылшы Марк Ким үздік сұрмерген атанды.
Әріптестер, жеңіс құтты болсын! Көктемгі МФЛ табысты болғай!
Друзья, команда «Казахтелекома» стала победителем 18-го чемпионата мини-футбольной премьер-лиги Алматы! Решающий матч прошел на паркете КазНУ имени Аль-Фараби.
Наши ребята боролись за «золото» с командой «Энергоколледжа». Разница между претендентами на чемпионский титул перед заключительными играми составляла всего 2 очка: «Энергоколледж» — 43, «Казахтелеком» — 41.
«Конкуренция была нешуточная! Но наигранный годами состав, слаженная игра и огромное желание завоевать золото дали свои результаты — мы победили», — делится своими впечатлениями игрок нашей команды Чингизхан Имниаминов, региональный директор «Сервисной фабрики» «Казахтелеком» по Алматинскому региону.
Судьба чемпионата могла решиться иначе, когда «Казахтелеком», «Энергоколледж» и «Кунту-Нартай» бились в предпоследнем туре МФЛ. Но тогда «Кунту-Нартай» неожиданно для всех уступил команде университета «Туран» и выбыл из гонки за первое место, а «Казахтелеком» и «Энергоколледж» разошлись со счетом 0:0, тем самым сохранив интригу до последнего тура.
«Любая игра начинается с раздевалки, именно там нужно собраться и настроиться на победу, кроме того важны железная дисциплина и конечно же, тактика. От этих составляющих многое зависит, и я рад, что моя команда выкладывается на все 100%. Они тонко чувствуют друг друга и хорошо видят поле», — отмечает тренер команды «Казахтелекома» Серик Жаманкулов.
По итогам чемпионата наша команда стала обладателем золотых медалей, голкипер Батыржан Боранбаев признан лучшим вратарем чемпионата, а молодой нападающий Марк Ким стал лучшим бомбардиром по итогам соревнований, забив 29 мячей.
Коллеги, поздравляем вас и удачи на весеннем чемпионате МФЛ!
593 viewsKTbot, 09:01