Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны айтылды. Даниялық | JANA | Новости | Online

Коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны айтылды.

Даниялық Saxo Bank COVID-19 пандемиясы қашан аяқталып, әлемдік экономикаға қалыпты жағдай қашан орнайтынын болжады.

Банктің инвестициялар жөніндегі директоры Стин Якобсен пікірін бөлісті.

Қаржы сарапшысының айтуынша, коронавирус пандемиясы 2021 жылдың екінші тоқсанында аяқталады. Ол сондай-ақ әлемдік экономика бір жыл ішінде қалыпты жағдайға келеді деп санайды.

«2021 жылдың екінші тоқсанында (пандемияның аяқталуын күту керек) деп санаймын. Нарық қазірдің өзінде коронавирус жағдайлары санының артуынан тысқары қарап отыр және экономика 2021 жылы қалыпты жағдайға келеді деп үміттенеді», - деді Якобсен.