Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

JANA | Новости | Online

Логотип телеграм канала @jananewskzz — JANA | Новости | Online J
Логотип телеграм канала @jananewskzz — JANA | Новости | Online
Адрес канала: @jananewskzz
Категории: Юмор и развлечения
Язык: Русский
Количество подписчиков: 2.07K
Описание канала:

○ Интересное всегда рядом ○
● JANA ●
○ Жаңалық әркез жаныңда ○

Рейтинги и Отзывы

4.00

2 отзыва

Оценить канал jananewskzz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения

2022-09-01 11:31:27
63 views08:31
Открыть/Комментировать
2022-09-01 09:05:19
Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын.

Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады»
95 views06:05
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:58:51 Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді – Президент

Мемлекет басшысы өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып,
нақты шара қабылдауды тапсырды.

«Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс»,- деді Президент.
94 views05:58
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:58:32 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады.

Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.

Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады.

Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет»
91 views05:58
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:39:08 Глава государства:

«Государство внедрит новую методику определения минимальной заработной платы, которая позволит поэтапно увеличивать ее размер.

Мною принято решение поднять уровень минимальной заработной платы с 60 до 70 тысяч тенге. Это напрямую затронет доходы 1,8 миллиона граждан.

Предстоит существенно перезагрузить пенсионную систему. Следует последовательно довести минимальную базовую ставку пенсии до 70% от прожиточного минимума, а максимальную – до 120%. Вместе с ранее принятыми решениями это позволит к 2025 году увеличить совокупную пенсию в среднем на 27%.

Более того, учитывая широкий социальный запрос, планка пенсионного возраста для женщин будет до 2028 года зафиксирована на уровне 61 года. Необходимо разработать эффективную инвестиционную стратегию Единого накопительного пенсионного фонда»
86 views05:39
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:29:09 Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес – Президент

«Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет.

Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек»
89 views05:29
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:27:41 Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлерді қайтарып алу бойынша Үкімет тиісті шешім қабылдауы тиіс – Президент
88 views05:27
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:24:40 Мемлекет басшысы:

«Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім.

Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.
Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс.

Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр.
Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр.

Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді»
94 views05:24
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:22:08 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуатын арттыру.
Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр.

Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек.
Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді.

Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады»
96 views05:22
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:20:53 Президент Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырды

«Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн. Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр»,- деді Мемлекет басшысы.
95 views05:20
Открыть/Комментировать