Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Енді Қазақстандағы 8 наурыздағы Феминистік маршқа арналған өзі | Feminita

Енді Қазақстандағы 8 наурыздағы Феминистік маршқа арналған өзінің парағы бар.

Барлық маңызды ақпарат бір жерге жинақталады. Жуырда оған қоса сайт ашамыз!

Бұл парақты Алматылық феминистік топтар атынан аштық, біз феминистік маршты осы жылы және санкциясыз болған 2020 жылы және алғаш санкциямен өткен 2021 жылғы маршты ұйымдастырып жүрміз.

Өткен жылы уәде еткендей, осы жылы Феминистік маршты жыл сайын 8 наурызда өтіп тұратын еліміздегі тұрақты шара етеміз, өйткені 8 наурыз — гүл мен нәзіктіктің емес, әйел құқығының мерекесі.

Бұл парақша @803_kz 8 наурыздағы феминистік марш таймлайнына, тарихы мен біздің елдегі маңызына арналады.

Біз онда не туралы жазамыз?
- тәжірибемен бөлісеміз,
- 8 наурыз марш және митингісін қалай ұйымдастыру керек деген нұсқаулық жасаймыз,
- барлық маршқа дайындық кезіндегі жаңалықтар мен оқиғаларды жария етіп отырамыз,
- краудфандинг жасап және басқа да маңызды нәрселерді бөлісеміз.

Біздің параққа жазылып, жаңалықтан хабардар болып жүріңіз!