Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Feminita

Логотип телеграм канала @feminita_kaz — Feminita F
Логотип телеграм канала @feminita_kaz — Feminita
Адрес канала: @feminita_kaz
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Количество подписчиков: 69
Описание канала:

Казахстанская феминистская инициатива "Феминита" ⚖️ Мониторинг и адвокация
👩🏻‍🏫 Исследования ЛБК(Т) женщин 🏳️‍🌈 в Казахстане
➡️Больше о феминизме @fembota_bot

Рейтинги и Отзывы

3.00

2 отзыва

Оценить канал feminita_kaz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

0

4 звезд

0

3 звезд

2

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения

2021-12-14 17:30:19 Қазақстанда 2018 жылғы дерек бойынша орташа тәуліктік үй жұмысына әйелдер 17.7 сағат жұмсаса, ерлер 5,9 сағат қана жұмсайды екен.

Айырмашылықтың орасан зор екенін қараңыз. 2021 жылғы деректерді бақылауға тырысамыз, дегенмен бұл жағдай жақсара қойды деп ойламаймыз. Әйелдер офистерде ғана талмай еңбек етпейді (оған қосымша табысты қосыңыз), үйде де тоқтаусыз жұмысқа жегіледі!

Дерек strategy2050.kz сайтына жарияланған Қазақстандағы гендерлік саясат: қазіргі жағдайы мен перспективасы материалынан алынған.
7 views14:30
Открыть/Комментировать
2021-12-14 17:30:14
7 views14:30
Открыть/Комментировать
2021-12-05 09:05:19 Естеріңізде болса, Ш.Уәлиханов скверінде митинг өткізуге берген өтінішке тура сол күні, әттеген-ай, күні бойы мәдени-көпшілік және ойын-сауық шара болатын еді деп, әкімшілік келісімін бермей, басқа сквер құрып қалғандай мәслихаттың азаматтық қоғамға берген тар жеріне тамашалаймыз деген.

Маршқа өтініш бөлек жаздық. Бейбіт жиын өткізудің заңы солай.
Маршты Шевченко көшесі бойымен Махатма Ганди ескерткішінен бастап Ш.Уәлиханов скверіне дейін жүріп өтпек болдық. Одан басқа амал жоқ, Алматы қаласы бойынша шеру жасауға мәслихаттың берген көшесі сол ғана.

Бұл өтінішке 26 қарашада әкімдіктен 2022 жылы 8 наурызда - не деген көрегендік десеңіші! - таңертеңгі 9:00 бастап кешкі 20:00 дейін құрылыс-қондырғы жұмыстар жоспарланып қойылған-мыс деген жауап келді.

Айта кету керек, ұйымдастырушылардың біріне қателесіп басқа кісілерге жазылған 11 желтоқсанда болатын құрылыс-қондырғы жұмыстар туралы жазылған жауапты жіберіпті - бұл күні Бахытжан Төреғожина мен Ғалым Ағелеуов барлық адамға қатысты кемсітусіз құқық пен еркіндік туралы шеру өткізуге тыйым салынған жауап алып, қазір әкімдікпен соттасып жатқаны белгілі. Шевченко көшесінің тұрғындарының шықпаған жаны-ай.

Алдыңғы хабарландыруда шатастырған себепті кешірім сұраймыз! Есте сақтайық: Ш.Уәлиханов скверінде мәдени-көпшілікке арналған шара, ал Шевченко бойында құрылыс-қондырғы жұмысы жүреді.

Шынында, егер естеріңізде болса, әкімдік шеру маршруты өзгеретінін ұйымдастыру тобына айтқан. Яғни маршрут Шевченко көшесінен Қонаев көшесіне ауысады да, 4 квартал болып қысқарады. Соның бәрін түсіндіріп жатпас үшін үйреншікті құрылыс-қондырғы жұмыс желеуін жаза салған сияқты.

Шевченко көшесінің тұрғындары 11 желтоқсаннан бастап келесі жылдың 8 наурызына дейін құрылыс-қондырғы жұмысына мезі болмайды деп үміттенеміз. Шеру маршруты Қонаев көшесіне ауыса салысымен ол көшеде құрылыс жұмысы бітетін шығар.

Ал, біз болсақ, әйел мейрамында марш пен митинг өткізу құқығын алмайынша тоқтамаймыз деп шештік!
14 views06:05
Открыть/Комментировать
2021-12-05 09:05:13
11 views06:05
Открыть/Комментировать
2021-11-30 19:45:15 Алматы әкімдігі 8 наурыз маршы мен митингісіне тыйым салды.

Өткен аптада Алматы қалалық әкімдігінен біздің митинг және марш өткізуге берген өтінішке «бас тартылсын» деген жауап алдық.

2022 ж 8 наурызда таңғы сағат 9 бен кешкі сағат 8 аралығында Ш. Уәлиханов алаңы мен Шевченко көшесінің бойында әкімдік жоспарлап қойған «мәдени-көпшілік және көрініс» қойылымдар болды-мыс. Бұл табан астынан пайда бола кеткен іс-шара туралы ұйымдастырушы әйелдер қалай ғана алдын-ала біле алатынын әкімдіктегілер түсіндіріп жатпады. Әкімдіктің 8 наурызға жасаған жоспары біз өтініш өткізгенге дейін белгісіз болған және еш жерде жарияланбаған.

Онымен қоймай, Алматы қ. әкімдігі ұйымдастырушыларды әңгімеге шақырды. Әңгіме барысында эпиджағдайға байланысты әйелдерден жоспарын қайта қарауды қадала сұрады, сонымен қатар, шеруге арналған маршрут «көпшілік қала халқының қатты өтініп сұрауымен» Шевченко көшесіндегі 4 км ұзындығынан Қонаев көшесіне 800 м болып қысқаратынын алдағы желтоқсанда Мәслихат болып бекітіп көшірілетінін айтты.

Осыған байланысты Қаланың қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков ұйымдастыру тобынан өтінішін қайтарып алуды сұрады.

Өтінішті қайтарып алуға келіспедік. Оның орнына біз әйел құқығы тақырыбында 12 желтоқсанда митинг өткізуге өтініш жаздық.

Әкімшілік бізден шара өткізетін аздаған көше мен скверлерді тартып алуына болмайды. Әкімдіктің қол астында бүкіл қала бар. Бейбіт жиын — бұл азаматтардың бейбіт жиыны, ол биліктің мәдени-көпшілікке көрініс қойылымы емес. Біз өзіміздің 8 наурызда бейбіт жиын жасау құқығымыз үшін күресеміз. Бізбен бірге болыңыздар.

2022 жылы Феминистік Марш болады!
15 views16:45
Открыть/Комментировать
2021-11-30 19:45:10
14 views16:45
Открыть/Комментировать
2021-11-30 19:05:10 Енді Қазақстандағы 8 наурыздағы Феминистік маршқа арналған өзінің парағы бар.

Барлық маңызды ақпарат бір жерге жинақталады. Жуырда оған қоса сайт ашамыз!

Бұл парақты Алматылық феминистік топтар атынан аштық, біз феминистік маршты осы жылы және санкциясыз болған 2020 жылы және алғаш санкциямен өткен 2021 жылғы маршты ұйымдастырып жүрміз.

Өткен жылы уәде еткендей, осы жылы Феминистік маршты жыл сайын 8 наурызда өтіп тұратын еліміздегі тұрақты шара етеміз, өйткені 8 наурыз — гүл мен нәзіктіктің емес, әйел құқығының мерекесі.

Бұл парақша @803_kz 8 наурыздағы феминистік марш таймлайнына, тарихы мен біздің елдегі маңызына арналады.

Біз онда не туралы жазамыз?
- тәжірибемен бөлісеміз,
- 8 наурыз марш және митингісін қалай ұйымдастыру керек деген нұсқаулық жасаймыз,
- барлық маршқа дайындық кезіндегі жаңалықтар мен оқиғаларды жария етіп отырамыз,
- краудфандинг жасап және басқа да маңызды нәрселерді бөлісеміз.

Біздің параққа жазылып, жаңалықтан хабардар болып жүріңіз!
12 views16:05
Открыть/Комментировать
2021-11-30 19:05:03
10 views16:05
Открыть/Комментировать