Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Тауық еті қосылған салат ҚҰРАМЫ: Тауық еті — 300 г | Асхана

Тауық еті қосылған салат

ҚҰРАМЫ:

Тауық еті — 300 гр
Сарымсақ — 2 -3 түйір
Қызанақ — 3 дана
Қияр 2 — дана
Ірімшік — 150 гр
Болгар бұрышы — 1 дана
Майонез — 100 гр
Тұз

Дайындау жолы:

1. Тауық етін төрт бұрышты қылып турап, қызған майға салып, вегета дәмдеуішін, үккіштен өткізілген сарымсақ салып, піскенше қуырып аламыз. Піскен тауық етін суытып қоямыз.

2. Қызанақ, қияр, болгар бұрышын төрт бұрышты қылып турап, үстіне үккіштен өткізілген ірімшік, суыған тауық етін салып, майонез құйып, араластырамыз. Тұз салғанда азғантай ғана салыңыз, себебі ірімшіктің де, тауық етінің де тұзы бар!

АС БОЛСЫН!