Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Пендемін, періште емеспін. Ұнатқан, жылатқан, жек көрген Алдам | Symbattan🔊

Пендемін, періште емеспін.
Ұнатқан, жылатқан, жек көрген
Алдамшы армандар, алдамшы күлкілер бетпердем.
Алланың ілімін азырақ ескерген
Сайтанның бүлігін қош көрген.
Ақылдан жеңіліп, сезімге серт берген
Пендемін, періште емеспін.
Табанын тайдырған, тұғырға талпынып
Бір бақыт іздеген таусылып шақ ұрып
Пендемін періште емеспін.
Жаралған бір түйір тамшыдан
Мұңым бар, күлкім бар, бар шыдам
Кәдімгі күнәһар өмірін, кінасіз пейілмен аршыған пендемін.
Бес күндік ғұмырмен мәңгілік сапарға барамын
Көз үміт, сана мұң.
Тәніме топырақ толығып,
Қара жер сіңемін, қаламын.
Періште емеспін, пендемін,
Әзірге бес күндік елеспін
Содан соң төмпешік қанамын.
Пендемін!