Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Symbattan🔊

Логотип телеграм канала @asenovva — Symbattan🔊 S
Логотип телеграм канала @asenovva — Symbattan🔊
Адрес канала: @asenovva
Категории: Цитаты
Язык: Русский
Количество подписчиков: 457
Описание канала:

Поэзия жүрегімде💔керемет дауыс иесі☝🏻🥰

Рейтинги и Отзывы

2.00

2 отзыва

Оценить канал asenovva и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

0

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

2

1 звезд

0


Последние сообщения

2022-09-17 20:27:56
ӨСЕК

Арман болса егер де ырыс, бақыт,
Оңай емес күн кешу тыныш жатып!
Кейде өмірде кетеді бәзбіреулер,
Гүл ұстатқан қолыңа мұң ұстатып!

Алған кезде алқымдап жылдар сынға,
Бірді мысқа теңейді ел, бірді алтынға!
Мың адам кеп айқайлап Ай десе де,
Күн қашан да қалады Күн қалпында!

Жетпіс жерден жеп-ішсін көздер мейлі,
Нағыз мықты бәріне төзген дейді!
Қараңғыда қара деп шулағанмен,
Қардың түсі ешқашан өзгермейді!

Өмір талай сәттерді оздырады,
Өр тұлғаның өз шыңы-өз мұнары!
Қарға десе аққуды. Аққу емес,
ажырата алмаған көз кінәлі!

Сарғаймассың болса егер жаның көктем,
Көктем мәңгі от берер жалын леппен!
Ел не дейді екен дер әдетім жоқ,
Алла көріп тұрған соң бәрін көктен!

Рахат ӘБДІРАХМАНОВ
362 views17:27
Открыть/Комментировать
2022-09-13 18:42:54
Оқушымның нәтижесі МашаАллах
Бұл 1 ақ аптаның нәтижесі.

Ал сіз менімен жеке жұмыста 4 апта дайындаласыз

Жеке жұмысқа не кіреді:
- тіл/дыбыс жаттығулары
-артикуляция
-поэзия негізі
-дауыспен жұмыс және т.б
422 views15:42
Открыть/Комментировать
2022-09-13 14:26:33
Басты рөлде - менің сіңілім
427 views11:26
Открыть/Комментировать
2022-09-12 20:06:55
Она другая…
393 views17:06
Открыть/Комментировать
2022-08-15 12:29:10
767 views09:29
Открыть/Комментировать
2022-08-14 15:25:48
Пендемін, періште емеспін.
Ұнатқан, жылатқан, жек көрген
Алдамшы армандар, алдамшы күлкілер бетпердем.
Алланың ілімін азырақ ескерген
Сайтанның бүлігін қош көрген.
Ақылдан жеңіліп, сезімге серт берген
Пендемін, періште емеспін.
Табанын тайдырған, тұғырға талпынып
Бір бақыт іздеген таусылып шақ ұрып
Пендемін періште емеспін.
Жаралған бір түйір тамшыдан
Мұңым бар, күлкім бар, бар шыдам
Кәдімгі күнәһар өмірін, кінасіз пейілмен аршыған пендемін.
Бес күндік ғұмырмен мәңгілік сапарға барамын
Көз үміт, сана мұң.
Тәніме топырақ толығып,
Қара жер сіңемін, қаламын.
Періште емеспін, пендемін,
Әзірге бес күндік елеспін
Содан соң төмпешік қанамын.
Пендемін!
727 views12:25
Открыть/Комментировать
2022-08-11 03:50:23
Шырмала берме шырмала
601 views00:50
Открыть/Комментировать
2022-08-02 19:12:48
ДОСҚА СЫР

Болмашыны ойлап,түңілме досым,
Өмірдің түсін сабағын.
Бір бақыт саған күлімдеген соң,
Мың пенде түйер қабағын.

Жаныңды жесін сынақтар мейлі,
Көнбістің күйін таңдама.
Балақтан тартып, құлатсам дейді,
Төменде тұрған жан ғана!

Өз жолын табу қиындағанда,
Шебер ғой жатты сынауға.
Адами талғам бұйырмағанға,
Міндетті емессің ұнауға!

Арманға биік жетсем дейтіндер,
Елей ме нөсер жаңбырды?
Көп сөйлейтіндер мен бос сөйлейтіндер,
Шешпейді біздің тағдырды!

Рахат Әбдірахманов
785 views16:12
Открыть/Комментировать
2022-08-01 13:31:55
*Адамдар болады…*
Өкпеге қисаң да, өлімге қимайтын,
Сағынып барғанда құшаққа сыймайтын.
Кешіріп тұрсаң да, кездескің келмейтін
Адамдар болады, үн-түнсіз іздейтін… Хабарсыз кетсең де, алаңдап күтетін
Алыстан көргенде шүкір деп жүретін.
Шын сүйіп тұрса да, ақырын ойлайтын
Адамдар болады, тағдырың қоспайтын.
Мың сынақ көрсе де, иіліп сынбайтын,
Байлыққа мастанып,ұясын бұзбайтын.
Жақсылық жасаса, жар салып айтпайтын,
Адамдар болады, ұятын сатпайтын…
Қайғырып тұрса да, қуаныш сыйлайтын,
Өсектеп жатқанда сабырмен шыдайтын.
Елеусіз жүрсе де, ерлікке баратын,
Адамдар болады жүректе қалатын…
681 viewsedited  10:31
Открыть/Комментировать
2022-08-01 09:52:20
Қалықтап ұшып, жайғанда аппақ қанатын,
Сезімнің отын сөндіріп алмай жағатын.
Ғашық па, әлде белгісіз бе екен, бәрібір,
Махаббат жайлы жазады екен бар ақын.
Жырында теңеп, біреуі жазар 'сынаққа',
Әурелеп сабыр,таба алмай жауап, сұраққа.
Жібектер менен Төлегендердің көргені,
'Махаббат' деген осынша қиын 'сынақ' па
Жаныңда жүрсе жүрегің тұрар езіліп,
Бақытпен бірге сезімнің оты сезіліп.
Махаббат деген өзгеше бөлек ғаламшар,
Алдыңнан ашып, өзгеше әлем кезігіп.
Жазылып бітпес дастан боп жарды салатын,
Көргенше сөзін,тауысар
543 views06:52
Открыть/Комментировать