Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қалықтап ұшып, жайғанда аппақ қанатын, Сезімнің отын сөндіріп | Symbattan🔊

Қалықтап ұшып, жайғанда аппақ қанатын,
Сезімнің отын сөндіріп алмай жағатын.
Ғашық па, әлде белгісіз бе екен, бәрібір,
Махаббат жайлы жазады екен бар ақын.
Жырында теңеп, біреуі жазар 'сынаққа',
Әурелеп сабыр,таба алмай жауап, сұраққа.
Жібектер менен Төлегендердің көргені,
'Махаббат' деген осынша қиын 'сынақ' па
Жаныңда жүрсе жүрегің тұрар езіліп,
Бақытпен бірге сезімнің оты сезіліп.
Махаббат деген өзгеше бөлек ғаламшар,
Алдыңнан ашып, өзгеше әлем кезігіп.
Жазылып бітпес дастан боп жарды салатын,
Көргенше сөзін,тауысар