Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

​​Агрессия тудыратын нақты бір мысал айтайын. ДАИШ ұйымы мұсыл | Алматы дін - религия Алматы

​​Агрессия тудыратын нақты бір мысал айтайын. ДАИШ ұйымы мұсылман әйелді кәпір зорлады деген видео материал дайындаған. Анық-қанығын, ол видеоның астарын терең ойламаған шала сауатты мұсылманның кәпір ұғымына қарай өшпенділігі артады. Сол өшпенділік сол сайттағы басқа радикалды материалдарды қарауға жетелейді. Радикалды материалдар оның санасын өзгертіп, танымын бұзып жібереді. Ол сол ұйымның мүшесі болып кеткенін өзі байқамай қалады. Сол жерде комент жазады, олармен сөйлеседі, осылайша арбалып, алданып кете барады. Қарап отырсаңыздар, мұндай мысалдар өте көп. Тек көпшілік мән бермейді. ДАИШ ұымының тағы бір басты арбайтын құралы ол – хэштег арқылы. Мысалы үшін көпшілік қандай хэштегте жұмыс жасайтынын анықтайды да, сол хэштегтер арқылы видео жүктеп, жұмыс істейді. Міне, ақпараттық соғыс бір қарағанда қарапайым, ал зардабы өте күрделі» 
Иә, зерттеу орталығының бас маманы Айша Дулатқызының айтып отырған мысалдарын кездестіріп жатамыз, бірақ мән бермейміз. Қандай оймен, нендей пиғылмен таратылған видео екеніне зер де салмаймыз. Сол көргенімізді екінші біреуге айтамыз. Ол үшіншіге, солай ақпарат тарала береді. Оның ақиқаттығына жетіп жатқан ешкім жоқ. Осылайша таратылған видеоның рас өтірігін өзара талқылап, талас-тартыс туып, тағы бір бөлінушілікке ұрынуымыз ықтимал. Міне, ақпараттың осындай қиындығы бар. Сонымен қатар вацап желісінде мыңдаған ақпарат таралып жатыр. Оның рас-өтірігіне тағы мән беріп жатқан ешкім жоқ. Сол мән бермеуіміздің кесірінен сіз жат ағымның ақпаратын тарату арқылы көмектесіп жатқаныңызды білмейтіндігіңіз өкінішті. Мақаладағы немқұрайлылықты қозғаумыздың сыры осында. Сондықтан әрбір азамат өзіне келген ақпаратқа аса мән берсе дейміз. Сақ болайық! Сақтанайық!