Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

«ЛОТТЕ Рахат» компаниясы қолынан айрылған жұмысшыға өтемақы тө | zhapisheva

«ЛОТТЕ Рахат» компаниясы қолынан айрылған жұмысшыға өтемақы төлеуден бас тартқан

Бұл туралы әлеуметтік желіде заңгер Анна Димитриевич жазды.

Оның жазбасына сүйенсек, 47 жастағы әйел 2021 жылы жұмыс барысында бір қолынан айрылған. Қайғылы жағдайдан соң ол жартылай жұмысқа қабілетсіз және 3-топ мүгедегі атанды.

Компания жұмысшыға ауызша көмектесетінін айтқан. Бірақ іс жүзінде протез бен моральдық шығынды өтеуден бас тартқан.

Заңгер компанияның немқұрайлығын сынап, басшылықтың жұмыста жарақат алған әйелге көмек бермегеніне шағынды. Ол «заң бойынша барлық төлемді компания өтеуі тиіс еді» дейді.