Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Алматы облысында 3 тәртіп сақшысы қаңтарда 25 адамды үтікпен а | zhapisheva

Алматы облысында 3 тәртіп сақшысы қаңтарда 25 адамды үтікпен азаптағанын мойындады

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев сөзінше, 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлері күдікті деп танылып, оның 9-ы қамауда отыр.

«…Алматы облысында қыздырылған бу үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші деп танылды…Арнайы прокурорлар бес полицейдің қатысы барын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындаған», — деді ол.

Одан бөлек, Алматы облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті репартаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу әрекеттері аяқталды. Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, оның өліміне себеп болды деген күдікке ілінген.

дереккөз: zakon.kz