Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Әскерде сарбаздар өлімі жиілеп кетті. Бір қайғының жарасы жазы | zhapisheva

Әскерде сарбаздар өлімі жиілеп кетті. Бір қайғының жарасы жазылмай жатып, екіншісі болып жатыр. “Белдігіне асылып өлген” 19 жастағы сарбаз, оның отбасына “жазған” хаты, жақындарының хатты жазған ол емес екеніне сенімі. Әскери борышын өтеуге барып, төрт күннен кейін қаза болған сарбаз, казарма терезесінен секіріп, мерт болған сарбаз… осынша өлімнен кейін Қорғаныс министрлігі әскердегі өлімді болдырмайтын бағдарлама дайындап жатқанын хабарлады. Бүгінгі шығарылымда әскердегі өлімдер және өте баяу қимылдайтын билігіміз жайында айтамыз.