Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Астана тұрғыны Назарбаев пен Тоқаевты жауапқа тартуды талап ет | zhapisheva

Астана тұрғыны Назарбаев пен Тоқаевты жауапқа тартуды талап етіп, пикет өткізді

Қаңтар оқиғасы кезінде бауыры Нұрболат Алпамыстан айырылып қалған Кәмила Бақжанова елордадағы АҚШ елшілігі алдында пикетке шығып, Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенттерін жауапқа тартуды талап етті.

Биыл Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте оққа ұшқан Нұрболат Алпамысты Шымкент қалалық прокуратурасы қылмыстық іске "күдікті" ретінде қосқанын 7 маусымда әкесі Мұрат Әбдірайымов «Азаттық» радиосына хабарлаған.

Нұрболат Алпамыс 5 қаңтар күні түнде Шымкент қалалық әкімдігі алдында өткен наразылыққа барғанда маңдайына оқ тиген. Ол бірер сағаттан соң аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.