Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қаңтардағы шеруде 'Жаңаөзенді қолдайық! Шал, кет!' деп ұрандағ | zhapisheva

Қаңтардағы шеруде "Жаңаөзенді қолдайық! Шал, кет!" деп ұрандаған белсенді Молдабай Сәдібековті сот үш жылға түрмеге қамады

6 маусымда судья Мадияр Әбдірасилов шымкенттік белсенді Молдабай Сәдібековті қылмысқа кінәлі деп танып, үш жылға бостандығынан айыруға үкім шығарды. Белсендіге «Жаппай тәртіпсіздікке қатысу және шақыру» бойынша айып тағылған.

Белсенді сот үкімімен келіспейтінін, апелляцияға шағым беретінін айтады. Молдабай Сәдібеков – Қаңтар оқиғасына байланысты жауапқа тартылған белсенділердің ішінде түрме жазасын алған алғашқы адам. Молдабай Сәдібеков 4 қаңтарда түске жақын қала әкімдігі маңындағы "Метро" сауда орталығы алдына келіп, Жаңаөзендегі наразыларға қолдау көрсеткен. 10 қаңтарда полиция Молдабай Сәдібековті үйінен әкетіп, қамады. Белсендінің ісі бойынша сот 3 мамырда басталды.

Дереккөз: azattyq