Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Жетісай базарындағы өрт: кәсіпкерлер шығындарын өтеуді талап е | Хабар 24

Жетісай базарындағы өрт: кәсіпкерлер шығындарын өтеуді талап етті

Жетісайлық саудагерлер өртенген тауарларының шығынын өтеп, тез арада базарды қалпына келтіруді талап етіп қаладағы Әуезов көшесін жауып тастады.

Облыс мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев кәсіпкерлерді сабырға шақырып, оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрылғанын мәлім етті.

Еске салсақ, тамыздың 25-інен 26-сына қараған түні Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Күлпаршын ана» базарында ірі өрт шықты.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, базардың жалпы аумағы екі жарым гектар жер. Түнгі сағат 3 шамасында басталған өрт таңертең өшірілген аралықта базардың 900 шаршы метр аумағы жанып кеткен.