Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Журналист Тоқберген Әбиев кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған | Almaty TV

Журналист Тоқберген Әбиев кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған - Антикор

Журналист Тоқберген Әбиев Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілінді.

«Өткен жылы 14 желтоқсанда Тоқберген Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды.

Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті», - делінген Антикор хабарламасында.

@tvalmaty