Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Елордада лифтілердің бірінде дәрет сындырып, мысықты тепкілеге | Almaty TV

Елордада лифтілердің бірінде дәрет сындырып, мысықты тепкілеген ер адам ұсталды

«Өткен аптаның соңында елордалық тұрғын үй кешенінің лифтісінде бір оқиға болды. Жас жігіт мас күйінде мысықты тепкілеп, лифт ішінде қажетін өтеген. Полицейлер құқық бұзушыны анықтады – ол Астананың 19 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингте.

Кінәліге қатысты әкімшілік кодекстің 434 («Ұсақ бұзақылық») және 407-1 («Жануарларға қатыгездік») баптары бойынша бірден екі әкімшілік іс қозғалды.

@tvalmaty