Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️

Логотип телеграм канала @semiztilek — 🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️ Қ
Логотип телеграм канала @semiztilek — 🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
Адрес канала: @semiztilek
Категории: Юмор и развлечения , Семья и дети
Язык: Русский
Количество подписчиков: 2.14K
Описание канала:

Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz

Рейтинги и Отзывы

3.33

3 отзыва

Оценить канал semiztilek и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

1

1 звезд

0


Последние сообщения 3

2021-05-24 20:57:46 Жас түлектің ұстаздарға айтатын тілегі

Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деген ұлы Абай атамыз. Ұстаз – ұлағатты есім! Сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанына мақтаныш етемін.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!
Сіздермен қимастықпен қоштасып тұрып, әлі де талай өрендерді білім нәрімен сусындатып, қанат қақтыра берулеріңізге тілектеспін!

#жастүлек
#соңғықоңырау
#последнийзвонок
29.6K views17:57
Открыть/Комментировать
2021-05-24 20:56:58 Ата-ананың жас түлекке және ұстаздарға айтатын тілегі

Жаным, балапаным, мен сенің әр қуанышың үшін бір жасап қаламын. Сенің балалық шағың осы мектептің қабырғасы мен өзің өскен үйде қалып қояды енді... Енді сен бой жетіп, болашақ атты пойызға мініп, жүргелі тұрсың. Мен сенің әр жеңісің үшін балаша қуанамын. Өйткені, сенің біздің үмітімізді қашанда ақтауға күш - жігерің мен білімі - танымың жетеріне сенемін! Болашағың жарқын болсын! Өмірге ғашық осындай қалпыңнан тайма! Күні - түні алған біліміңнің болашақта әперер асуы көп болсын!
Менің балама әріп танытып, сауатын ашып, қанатын қатайтқан құрметті ұстаздар! Сіздердің алдарыңызда абыройларыңыз бен еңбектеріңізді шын сезініп, иіліп рақмет айтамын. Өйткені, сіздер төккен тер осыған лайық! Бала - шағаларыңыздың қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!

#жастүлек
#соңғықоңырау
#последнийзвонок
25.8K views17:56
Открыть/Комментировать
2021-05-24 20:55:38
Жас түлек құрбы-құрдастарына айтатын тілек

Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбыларым, құрдастарым!
Сендерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Құрметті достар, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін! Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!
Қанаттарың талмасын, биіктерге шырқай беріңдер!
Өмірден өз орындарыңды адаспай тауып, бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армандарыңа сүрінбей жетіңдер!

#жастүлек
#соңғықоңырау
#последнийзвонок
22.0K views17:55
Открыть/Комментировать
2021-05-22 20:28:51 Закрытый канал
Срочно подписывайся
Здесь много фразы
У тебя есть только 62 секунд
327 views17:28
Открыть/Комментировать
2021-05-22 19:56:53
Бой десе бойы бар, ой десе ойы бар, көз көзді бауырымды шын жүректен, ақ пейілмен құттықтамай, өзіме орын таппай жүрген ем, жақсы болды!
Бауырым, сен мәрт бір сөзбен айтқанда - нағыз қазақи жігітсің. Өзіңмен танысқаныма өте қуаныштымын!
Еліміздің дамуына үлес қосып, әр азаматтың өмірін жақсартатыныңа менде еш күмән жоқ. Болашағың жарқын болғай!
Маған деген бауырмашыл ақ-жарма тілектерің, келелі кеңестерің жадымнан кетпеген және кетпейді!
Сіз-біздігіміз жылдарға артып, балашағамызға ұлассын!

#туғанкүн
#родной
#друг
#дос
21.5K views16:56
Открыть/Комментировать
2021-05-20 20:50:40
Құттықтаулар-тілектер
Поздравления на казахском
621 viewsedited  17:50
Открыть/Комментировать
2021-05-20 16:38:08
#туғанкүн
#видеоқұттықтау
#видеопоздравление
#универсал
#әмбебап
21.7K viewsedited  13:38
Открыть/Комментировать
2021-05-19 18:22:02
Ару қыз!
Уылжыған алмадайын,
Қызыл гүл,
Аппақ тілек бар маңайын.
Құлаш ұр арманыңның асқарына,
Құс болып алтын қанат самға дәйім.

Көркіңе таңдай қалып, көл дір еткен,
Отырсың көгілдірдей мөлдіреп сен.
Лебізің жүректерді елжіреткен.
Сәбидің, көңілі пәк, бір арусың,
Желкенің жүректердің желбіреткен.

Сыпайы сүйіндірген қылықтарың,
Гүл бағын Махаббаттың ұмытпағын.
Жасыңа жас қосылып, жүзің жайнап,
Алдыңнан ата берсін күліп таңың.

Күл, жайна!
Білмей өткін мұңаюды,
Шашу ет жүректегі шуағыңды.
Жүрейік бақытыңа куә болып,
Шалқыған щаттық жусын шырайыңды.

Жаз мінез, шат күлкіңмен нұрланды күн,
Жол ашқан қуанышқа думан бүгін.
Тілейміз аппақ гүлдей аппақ тілек,
Қарындас, құтты болсын туған күнің!

#туғанкүн
#бойжеткен
#девушка
23.9K viewsedited  15:22
Открыть/Комментировать
2021-05-12 20:39:55
#оразаайт
#видео
613 views17:39
Открыть/Комментировать
2021-05-12 20:16:08
Сізді мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Рамазан айының аяқталуын атай отырып, ол Исламның ең маңызды рухани құндылықтары – жақсылық, жомарттық және қайырымдылықты бейнелейді.
Әрбір мұсылман үшін Рамазан айы – Ораза айы ғана емес, мұсылмандар бір-біріне мейірімділікпен қарайтын, ойларының тазалығын қадағалайтын, қайырымдылықпен айналысатын жақсылық, өркендеу, өзара көмек, өзара түсіністік айы, бұл мұсылмандар үшін өте маңызды, киелі мағынаға ие шыдамдылық айы.
Сіздің өміріңіз осы күн секілді, тек игі істерге, әділ ойлар мен қайырымдылыққа толы болсын. Шаңырағыңызға береке байланып, ынтымақ ұялап, ырыс дарысын.

#оразаайт
20.7K views17:16
Открыть/Комментировать