Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Құрметті, жігіттер, әріптестер! Қарулы күштер жауынгерлері ме | 🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️

Құрметті, жігіттер, әріптестер!
Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!
Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.
Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

#7мамыр
#7мая
#отанқорғаушыларкүні