2021-04-28 06:56:27
Жаңа талаптарға сай емес Жаңаталаптағы тірлік⠀
⠀
Жарық жоқ, интернет жоқ, ол түгілі қарапайым байланыс жоқ, су жоқ, дәрігер жоқ, тіпті мал жайып, ауыл шаруашылығымен айналысатын жер жоқ!⠀
⠀
Халық талабы айдарының екінші шығарылымында біз Ақмола облысы, Бурабай ауданына қарасты Жаңаталап ауылының күнкөрісі туралы айтамыз. 30 жан астам ошақ өмір сүріп жатқан Жаңаталап тұрғындары көмек сұрап, жергілікті билікке шағымдануға мәжбүр болып отыр. ⠀
Елорданың іргесінде тұрған мекенде байланыс желісі мүлдем ұстамайды, оған қоса интернет қосылмаған. ⠀
Жаңаталаптағы көп жылдар бойы шешімін таппаған ең өзекті мәселенің бірі - бұл ауыз судың жоқтығы. ⠀
Тағы бір көкейкесті мәселе : ауыл көшелерінде жарық жоқ. ⠀
Ауылдағы тұнып тұрған проблема: мал жайып, егін егетін жердің жоқтығы. ⠀
Жаңаталап ауылының тұрғындары медициналық көмек ала алмай отыр. Ауылда дәрігер түгілі медбике де жоқ. ⠀
Алма Байгужина⠀
Илья Шакиров ⠀
Кокшетау Азия
Толығырақ ⠀
165 views03:56