Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Abu Dhabi Ports Company Стратегиялық | Каскор-Машзавод

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Abu Dhabi Ports Company Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі келісімге қол қойды. Тараптар Каспий және Қара теңізде жағалау инфрақұрылымын және теңіз флотын дамыту саласында ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сапары кезінде қол қойылды.

Құжатқа сәйкес тараптар Каспий теңізіндегі мұнай-газ жобаларына теңіз қызметтерін көрсету үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында бірлескен кәсіпорын ашады. Бірлескен кәсіпорынды «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС және International Maritime Investments Ltd еншілес ұйымдары арқылы басқаруға ниетті.

Толығырақ: bit.ly/3CSKxLs