Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Құрметті ата-аналар! Қалаларды балабақшаларға қабылдаудың жаңа | KarGOO

Құрметті ата-аналар!
Қалаларды балабақшаларға қабылдаудың жаңа ережелеріне ауыстыру жалғасуда.
Қарағанды қаласы 2024 жылдың 12 сәуірінде ауысуы бастады. Индиго жүйесі кезекке тұру және жолдама алу үшін екі апта бойы қолжетімді болмайды.
Жаңа ережелердің ең маңызды айырмашылығы - енді кезектер әр мектепке дейінгі ұйымға жеке құрылады.
Егер бұрын ата-аналар жолдама алған кезде балабақшаны таңдаса, енді баланы кезекке қою кезінде балабқшаны бірден таңдау мүмкіндігі болады (бала туылған кезде).
Жаңа ережелер бойынша кезектерді бастау үшін, бірыңғай кезектілік жүйесіне ата-аналардың балабақшаларды тандауы туралы ақпарат қажет. Қазіргі кезектерде мұндай ақпарат жоқ.
Сондықтан пайдаланушылар жеке кабинетте сауалнамасы бар бөлімді тауып, оны толтыруы керек. Сауалнамада оқыту тілі мен балабақшалар туралы мәліметтерді көрсету қажет.
Жұмыс режимін ауыстырған кезде Индиго жүйесі келесі әрекеттерді орындайды:
1) Кезекте тұрғандардың тізімін Бірыңғай кезекпен біріктіреді
2) толтырылған сауалнамалар бойынша ақпарат береді
Егер ауысу кезінде пайдаланушы сауалнаманы толтырмаса, онда өтініш кезектен жойылмайды, бірақ тоқтату парағына өтеді.
Жеке кабинетте ата-аналардың өтінімді кезекке Қайтару түймесі болады.
Осы батырманы басқан кезде ата-ана сауалнаманы толтырады.
Яғни, егер ата-аналар сауалнаманы әлі толтырмаған болса, екі аптадан кейін олар бұл процедураны орындай алады және өтініш кезекке оралады.