Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Halyk Bank SME Banking Agency нұсқасы бойынша Шығыс Еуропа жән | Halyk Bank Official | Resmi

Halyk Bank SME Banking Agency нұсқасы бойынша Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде бизнес үшін үздік экожүйелік банктердің біріне айналды.

Рейтингті агенттіктің сараптамалық кеңесі "Бизнеске арналған экожүйелер 2022" жыл сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша дайындады. ШОБ секторының бизнес-клиенттері үшін үздік экожүйесі бар көшбасшыларды анықтау үшін 11 елдің 150-ден астам банктің қызметтері талданды.

Бүгінгі таңда банк заңды тұлғалар үшін ең заманауи және озық қызметтерді ұсынады. Санаулы минуттардың ішінде кәсіпкерлер ЖШС және ЖК үшін шоттарды қашықтан ашып, 100 миллион теңгеге дейін онлайн несие алып және цифрлық тендер кепілдігін ресімдей алады. Смартфондағы цифрлық банк 24/7 есеп жүргізуге, валютаны айырбастауға, салықтар мен әлеуметтік жарналарды төлеуге, бизнеске арналған карталар шығаруға, төлемдерді қабылдау үшін QR код жасауға, телефонды виртуалды pos-терминал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.