2021-11-29 12:30:00
Блогтағы көптен күткен мақала, Қазақстанның химия құрама командасымен сұхбаттың, қазақ тіліндегі аудармасын таныстыруға қуаныштымыз!
IChO химиядан халықаралық олимпиадасы — ең беделді халықаралық олимпиадалардың қауымдастығы, ISO-ның қатарына кіретін аса бәсекелестік сайыс. Сұхбатта 52-ші IChO-да ерекше тәжірибе, яғни оның онлайн форматта өткізілуінің, куәгерлеріне айналған Қазақстандық қатысушылар өзінің сезімдері, болашақ жоспарлары мен олимпиадалық химиядағы жолы жайлы әңгіме қозғады.
Егер де сіз соңғы уақытта химияға қызығушылық танытып жүрсеңіз, осы бағыттағы олимпиадаларға сүңгуге аса ынтамен қарасаңыз, бұл мақала сізге тек жұмысқа шабыт бере қоймай, іс жүзіндегі тәжірибе арқылы зор практикалық нұсқаулықтар береді. Қаирбек Хайдар, Абдугафарова Кибриянур, Сейсенқұл Бақдәулет және Мужубаев Әбілмансұр сұхбатта өздерінің жолындағы жеңістері мен сәтсіздіктерін, оларға күш-жігер берген эпизодтарын жан-жақты ашып, таныстырды. Одан бөлек, мақаланы оқып, сіз осы жастардың музыка мен кинодағы талғамдары және өзге де қызығушылықтарымен танысып, олардың ішкі дүниесінің сырын аздап аша аласыз.
Химияға көздері оттай жанатын химиктердің қырынан қарап көргіңіз келсе, мақаланы оқыңыз: https://blog.bc-pf.org/kk/icho-2020-interview-kazakhstan-kk/
266 views09:30