2024-05-16 16:34:12
Білгенін білдіртпеуРасулалланың ерекше көңілін аударған мәселелерінің бірі - мінезі ауыр адамдармен қатынас орнатқанда ,ол адам жайында жеке пікірін ешкімге айтпайтын және білдірмейтін болған.
Ол жайлы ішкі сезімін жан адамға тіс жарып айтпаған, ешкіммен бөліспеген.
Сахабаларына да өзгенің сыртынан жаман сөздерді айтуына қатаң тыйым салған.
Біз тәрбиені әлбетте, қай жағынан алсақ та кемеңгер, дана Пайғамбарымыздан (ﷺ) аламыз.
Осы тұста айта кетсек, көпшілігіміз біреу жайында өте көп сөз қозғаймыз. Ғайбат екенін ескермей де жатамыз.
Досының ұнамай қалған тұсын құрбысымен, жұбайының бойындағы кемшілікті анасымен бөлісіп айтып жатады.
Әрине, бұл нағыз достыққа жатпайды және жұбайыңыздың абыройын түсіргеніңіз. Біз қалай да айтылып жатқан адамды құтқарып шығу керекпіз.
Немесе ол әңгімені басталған жерден қайтару керекпіз.
Себебі, Пайғамбарымыз(с.ғ.с) білмейтін адамды не жақсы не жаман деп үкім беруге болмайтындығын айтады.
Қорыта келе, кім жайында болсын өзіңіздің жеке пікіріңізді біреуге білдірмегеніңіз абзал.
Себебі, айтылып жатқан адам жөнінде естіп отырған адам өте жақсы ойлайтын еді. Сіздің болмашы ғайбатыңыздан екі жақтың қарым-қатынасының бұзылуы әбден мүмкін.
Пайғамбарымыз саллалаһу алейһи уә саллам тіпті өзін сиқырлаған адамның кім екенін білсе де өмірінің соңына дейін онымен көріспеген. Қазбалап оны масқараламаған.
Пайғамбарымыздыңﷺ өмірлік стратегиясы
10.0K views13:34