Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

===== ЛИСТОВКАЛАРДЫ ЖАБЫСТЫРУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ ===== Листовкалар | ЯЧЕЙКА ИНФО

=====
ЛИСТОВКАЛАРДЫ ЖАБЫСТЫРУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
=====

Листовкаларды жабыстыруға шыққан кездегі ең бастысы - ол қауіпсіздік шараларын есте сақтау. Еске сақтаңыз, егер де листовкаларды таңертен жыртып, алып тастаса, демек, жасалған жұмыстың бекер болғаны.

=====
ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ БАСЫП ШЫҒАРАМЫЗ

Басып шығару үшін қарапайым офистік қағазды қолданыңыз. Егер де суреттер дұрыс шықпаса, ондай жағдайда қалыңдау қағаз қолданыңыз.
Егер де листовкалар ақ-қара болса, мүмкіндігіңізше түрлі-түсті қағаз қолданыңыз. Түрлі түсті қағазда басып шығарылған листовкалар көзге жиі түседі.

=====
НЕМЕН ЖАБЫСТЫРАМЫЗ

Желімді таңдағанда иісі қатты емес, қолдан және киімнен тез жуылатын желімді таңдаңыз.
Ең дұрысы - ол ПВА желімі. ПВА желімі кез келген жерде қолдануға болады. Оған қоса киім мен қолдан тез жуылады, сумен сұйылтуға болады. Ол желімді бағасы жағынан да, көлемі жағынан да арнайы құрылыс дүкендерінен алған жөн.

Ешқашан скотч қолданбаңыздар! Листовкаларды жұлып алып тастауға ыңғайлы.

=====
ҚАЙДА ЖАБЫСТЫРАМЫЗ?

Листовканы жабыстырған кезде, адам көп жүретін, көзге жиі түсетін жерді таңдаймыз. Сонымен қатар күнделікті бір жермен жүретін адамлардың көзіне түсетін жерлерге де жабыстырған да жөн. Өйткені, листовкілар көзге жиі түскен сайын, адам қызығушылық таныта бастайды.
Жерасты өтпе жолдары, бағаналар, көшедегі орындықтар, кіреберіс(подъезд), аркалар. Адамдар түс кезінде ыстықтан тығылатын орындарда, жұмысқа, мектепке, бала-бақшаға баратын жолдар бойында. Саябақтар, базарлар, сауда орындары, тәулік бойы жасайтын дүкендер, балалар алаңы, көлік тұрақтары, темекі шегетін орындары, сапаржай және поликлиника маңында.

Әрдайым видеобақылау жүйлері орнатылмағанына назар аударып отырыңыздар. Сіздердің түрлеріңіз камераға түсіп қалмауы керек.

======
ҚАШАН ЖАБЫСТЫРАМЫЗ?

Сағат 22:00-ден бастап 02:00-ге дейін халықтың көпшілігі үйлерінде, ұйықтап, демалып жатады, күн қараңғы, адамдар көшеде көп кездесе бермейді.
Көшеде жүрген уақытта өзіңізге көп назар аудармайсыз. Қиындық тек кезекте жүрген полиция қызметкерлері мен кейбір өтіп бара жатқандар тудыруы мүмкін.
Сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін барлығы ұйықтап жатады. Кезекте жүрген полиция қызметкерлері де ұйықтап кетуі мүмкін. Көшеде жүрген бірнеше адам кездейсоқ бақылаушылар үшін күдікті көрінуі мүмкін.
Кездейсоқ бақылаушылар жөнінде: терезелерге назар аударып отырыңыз, әсіресе 1-3 қабаттағы терезелерге. Біреулер көріп қалып, бақылауы мүмкін.

Полиция қызметкерлері жалақы алар алдындағы күндері аса сақ болыңыз. Айдың соңғы апталарында полиция қызметкерлері айлық есепті жабатын күндері. Жабатын статитика есебі жақсы болуы үшін олар бәрін тоқтатып тексеруі мүмкін.

=====
КІММЕН ЖҮРІП ЖАБЫСТЫРАМЫЗ?

Листовкілерді жабыстыруға екеу немесе көп дегенде үшеу болып шыққан дұрыс. Шықпастан бұрын, әркім өзіне жасайтын міндеттерді бөлісіп алғаны дұрыс. Кім жабыстырады, кім фотоға түсіреді, кім жан-жақтағы жағдайды бақылап тұрады. Бірге шығатын адамларыңыз сенімді адамдар болуы керек. Сенімді болмаса, жалғыз шыққаныңыз жөн.
Орыннан орынға ауысқан кезде шуламай, арақашықтықты сақтаған жөн. Егер де екеу болып шықсаңыз, қатты сөйлемей, басқа бір тақырыпта әңгімелер айтып, көшеде жай, қонаққа кетіп бара жатқандар сияқты болыңыздар.
Алдын ала кеш уақытта қайда бара жатқандығыңыз туралы себепті ойластырыңыз. Мысалы: "Кездесуді атап өті үшін, кафе немесе бар іздеп жүрміз" және т.б.

=====

ҚАЛАЙ ЖАБЫСТЫРУ КЕРЕК?

Листовкілерді дыбыс шығармай, қолды, киімді ластамай, тез жабыстыру қажет. Ең ыңғайлысы ол арнайы желім ерітіндісін мен бүріккіш қолдану.
Ол үшін қажет:
1. Бүріккіш. Оны кез келген шаруашылық/құрылыстық/бағбандық дүкендерінен сатып ала аласыз. Терезе немесе ванна жууға арналған сұйықтығының бүріккіші де жарай береді.
2. ПВА ерітіндісі. Қоюлығына байланысты, желімнің 1 бөлігіне 2-4 бөлімі көлемінде су аласыз. Ерітінді сұйық, түйіршіксіз және жабыстыру қабілетін жоғалпаған болу керек. Қыс уақытында қолданған кезде ерітінді қатып қалмас үшін ерітіндіге антифриз немесе тұз қосу керек.