Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР ҰЯШЫҚТАР НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? Ұйымшылд | ЯЧЕЙКА ИНФО

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР

ҰЯШЫҚТАР НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Ұйымшылдықтың болмауы - жаппай наразылық акциясына қатысушылардың жұдырықтай жұмылуына кедергі келтіретін фактор. Сондықтан, ҚДТ ұяшықтардан құралатын аса ықпалды ұйымдастыру моделін қалыптастыратынын хабарлайды. Бұл ұяшықтар қылмыстық режимге қарсы күрестің негізгі буыны болмақ. Ұяшықтар жұмысының маңызды элементтерінің бірі - басқа азаматтарға ҚДТ позициясы мен мақсаттарын түсіндіру және жаңа жақтастарды тарту. Ұяшықтар күш-жігерді біріктіріп, Қазақстанда өзгерістерді қалайтын барлық жақтастарымыздың басын қосуға көмектеседі. Осылайша біз шын мәнінде қаншалықты көп екенімізді және бір-бірімізге қолдау көрсету керектігін түсіне алатын боламыз.

ҰЯШЫҚТАР ҚАЛАЙ ҚҰРАЛАДЫ?

Ұяшықты ҚДТ бағдарламасының негізгі тармақтарымен келісетін Қазақстанның кез келген ересек тұрғыны құра алады.
Ұяшықтарға тек жеке таныс адамадарыңызды ғана тартқан жөн.
Ұяшықтың болашақ мүшелері ҰҚҚ немесе полицияның арандатушылары болып табылмайтынына, кездейсоқ адамдарға ұяшықтың қызметі туралы айтпайтынына көз жеткізіңіз.
Ұяшықтың оңтайлы саны 3-5 адам. Кейбір жағдайларда қатысушылар саны көп болуы мүмкін. Алайда 10 адамнан асырмаған жөн.
Басына үлкен жауапкершілік алуға дайын адам ұяшықтың көшбасшысы болып саналады.

ҰЯШЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ҚАНДАЙ?

Аптасына бірнеше рет ҚДТ штабының бір жолғы тапсырмаларын орындау.
Азаматтық және саяси белсенділік таныту. Елде қазіргісәтте болып жатқан жағдайларды бақылауға тырысу.
Ұяшықтағы серіктестермен және ҚДТ жақтастарымен арадағы уағдаластықтарды және қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ұяшық мүшелері ақпаратты кедергісіз алмасу үшін бір-бірімен үнемі байланыста болуы тиіс. Әрбір ұяшық штабпен байланыста болуы тиіс
Ұяшық мүшелері тапсырмаларды орындау кезінде міндеттері жеке қалауы мен мүмкіндіктеріне қарай өзара келісіп бөліседі.
ҚДТ парақшаларын, хабарландырулар, мәлімдемелер және басқа да үгіт материалдарын дайындау және тарату.
Бояулар мен трафареттер көмегімен тротуарларға, көшенің жүру бөліктерінде хабарландыру мен суреттер салу.
Жаппай акқиялар өткізу алдында, жергілікті жерлерді және белгілі бір аудандардағы, көшелердегі, алаңдардағы жағдайды зерттеу.
Жаппай наразылық акцияларын дайындауға қатысу.
Қажетті материалдар мен заттарды дайындау немесе сатып алу.
Билік пен ҰҚК тарапынан жаслаған арандатушылық және жалған хабарлы анықтау үшін әдеуметтік желілер мен медиакеңістікті мониторинг жасау.
Қажет болған жағдайда ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету.
Штабпен алдын ала келісілген жоспар бойынша ҚДТ жаппай акцияларына тікелей қатысу.
Ұяшық мүшелеріне Штабтың келісімінсіз бір жолғы акциялар өткізуге үзілді-кесілді тыйым салынады.
ҚДТ ұйымдастырмаған, жария етпеген акцияларға штабтың келісімінсіз қатысуға тыйым салынады
Штаб және жалпы ҚДТ жұмысын жетілдіру үшін, акцичлар мен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұяшықтардан келіп түскен кез келген орынды бастамаларды қолдайды.