Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ҰЯШЫҚТЫ ҚАЛАЙ ҚҰРАДЫ ЖӘНЕ ШТАБПЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК? 1. | ЯЧЕЙКА ИНФО

ҰЯШЫҚТЫ ҚАЛАЙ ҚҰРАДЫ ЖӘНЕ ШТАБПЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК?

1. Ұяшық көшбасшысы ұяшық мүшелерінің барлығында телеграм болуын тексеруі қажет. Болмаған жағдайда телеграмды жүктеп аккаунт ашуына көмектесуі керек. ҰЯШЫҚ болып 3 адамнан 8 адамға (көшбасшыны қосқанда) дейін саны бар топ саналады. Егер де ұяшықта адам саны 8-ден асса, ұяшықты 2-ге бөлген жөн.

2. Ұяшық көшбасшысы телеграмда топ (создать группу) ашады. Топтың(Чаттың) атауы еске оңай сақталатын, түсінікті және жалпыморальдық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Штаб ұяшық жұмысын чаттың атауын есепке алып, қадағалап бағалап отырады. Сондықтан чаттың атауын өзгертуге болмайды.

3. Егер де ұяшық көшбасшысы бір көзқарастағы адамды сенуге келерлік деп шешсе, онда ол оны топқа(чатқа) қосады. Кез келген сенімсіз немесе тексерілмеген жай таныс адамдарға ұяшық чатына кіруге болмайды.
4. Көшбасшы чатқа төмендегі Штаб аккаунттарын қосады:


Заманбек Тлеулиев - @Tleuliyev
Елдос Насипбеков - @Nassipbekov

5. Штабпен байланыста болу үшін "Секретный чат" байланысын қолдануға мүлдем болмайды. "Секретный чат"-та барлық жазбалар өшіріліп қалуы мүмкін. Өшіріліп қалған жағдайда Штабқа әрекеттерді координациялау қиынға соғады.
Чатта жазғандарды өшіруге болмайды. Штаб үшін жазбалар "история"-сы координациалау және жасалған жұмыс эффективтілігін бағалаудағы өте маңызды құралы.
Өздеріңіздің аккаунт атауларын да өзгертуге болмайды. Белсенділер саны өте көп, ал Штаб байланысты және белсенділерді нақты никтері, аккаунт атаулары арқылы есепке алып отырады.

6. Ұяшық көшбасшысы өзінің ұяшық мүшелерінің кәсіби дағдылары, акцияларға қатысуға дайындықтары, өткізегелі жатқан акциялар тізімін, ерекше ұсыныстар мен ойлары жайлы ақпаратты Штабқа дайындап жіберіп отырады.

7. Ұяшық көшбасшысы кез келген өзгерістер болған жағдайда, Штабқа тез арада хабарлауы тиіс. Штаб ұяшықтың жаңа мүшелері қандай икемдері бар екені, қандай акция ұсынып отырғандары туралы хабардар болуы керек. Көшбасшының мақсаты ұяшық мүшелері санын көбейту және оларды өзінің жеке ұяшықтарында көшбасшылыққа дайындау.

8. Ұяшық көшбасшысына Штабпен үнемі байланыста болу өте маңызды. Көсбасшы әрдайым штаб сұрақтары мен тапсырысына жауап беріп, Штабпен бірге чатты қадағалап отыруы керек. Штабқа 3 тәуліктен артық уақытта жауап бермеген ұяшық жарамсыз және белсенді емес болып саналады.

9. Ұяшық көшбасшысы өзінің ұяшық мүшелерін жоспарланған акциялар туралы уақытылы хабарлап, белсенділік танытуына, шараны өткізу барысында шығармашылық тәсілдер қолдануына шақыруы керек. Ұяшық көсбасшысы ҚДТ бағдарламалары мен мақсаттарын, өз ұяшығының әрекеттерімен сәйкестіруді білу керек.
10. Көсбасшы заңға, құқыққа қайшы әрекеттерді және басқа белсенділерге зияны тиетін әрекеттерді жасауына қолдау көрсетіп, жол бермеуі тиіс.