2022-05-24 13:41:43
Манипуляция: «дельта» және «омикрон» атауларының анаграммасы – «медиа бақылау» болып табылады
Желіде тағы бір қастандық теориясы таралуда. Ол бойынша
«дельта» және «омикрон» сөздері «медиа бақылау» тіркесінің анаграммасы болып табылады. Нәтижесінде, Sars-Cov-2 вирусы нақты өмірде жоқ, тек медиа кеңістікте ғана бар екен.
Бұл манипуляция.
Вирус оқшауланған, оның патоген суреттері мен толық ашылған геномы баршаға қолжетімді.
Анаграммалар бір нәрсенің
дәлелі бола алмайды.
SARS-CoV-2 коронавирус нұсқаларының атаулары
грек алфавитінің әріптеріне сәйкес қойылады. Дельта және Омикрон нұсқаларынан басқа Альфа, Бета, Гамма, Эпсилон, Зета, тета, Йота, Каппа, Ламбда және Мю нұсқалары бар.
«Медиа бақылау» анаграммасында в
ирустың басқа нұсқаларының атаулары жоқ және онда грек алфавитінің әріптері көптеген басқа құбылыстар мен заттарға қатысты қолданылатындығы ескерілмеген.
@stopfake_kz
230 views10:41