Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Әлеуметтік желілерде іс жүзінде жоқ қордың атынан көрсетілетін | STOPfake.kz

Әлеуметтік желілерде іс жүзінде жоқ қордың атынан көрсетілетін фейк көмек жарнамалануда

Әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 20 тамызда «Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан» әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таралуда. Хабарламаға сәйкес, бұл көмек мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылады.

Бұл – жалған ақпарат. Іс жүзінде Қазақстан Президенті атындағы әлеуметтік қор жоқ.

— Елімізде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған, бірақ оның есімімен аталмайтын «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры бар. Қор қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қол ұшын созады. Көмек үміткерге ресми сайт арқылы берілген өтініші мақұлданғаннан кейін ғана ұсынылады. Әдетте, жәрдем ақшалай емес түрде көрсетіледі. Қор емделуге, оқуға, дәрілік заттарды сатып алуға қаржы береді.
Мұндай хабарламалар – алаяқтардың ісі, жеке деректерді иемденудің амалы. Бұған дейін қазақстандықтарға «Қазақстан халқына» қоры қызметкерлерінің атынан қоңыраулар түсіп, көмек ұсынылған болатын. Қор өзінің ресми сайтында бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Барлық өтінімдер тек qazaqstanhalqyna.kz сайты (сайтқа сілтеме профильде ұсынылған) және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімі арқылы ғана қабылданады, сол жерде пайдаланушы өз өтінішінің мәртебесін де біле алады»

— Таралған ақпарат мәтінінде айтылған 2022 жылғы 20 тамыздағы әлеуметтік көмек бойынша төлем жасалатыны туралы жарлық та жоқ. Akorda.kz сайтында «Құқықтық актілер» бөлімінде мұндай құжат жоқ.

@stopfake_kz