Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Әлемдік саясаттың аптадағы басты жаңалықтары: Қасым-Жомарт | SocioExpert

Әлемдік саясаттың аптадағы басты жаңалықтары:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапары барысында Владимир Путинмен келіссөздер жүргізді.
Кездесу нәтижесінде білім беру, өндірістік кооперация және басқа да салалардағы ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

АҚШ Президенті Джо Байден мен Германия канцлері Олаф Шольц Вашингтонда келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында Ресейдің Украинаға әскери агрессиясы болған жағдайда екі елдің және НАТО-ның әрекеттері талқыланды.

Сонымен қатар Мәскеуде Франция мен Ресей президенттерінің 6 сағатқа созылған келіссөздерінде Украина мәселесі талқыланды. Екі ел басшысы кездесудің нәтижесіне риза болып, әңгімені «мағыналы» және «пайдалы» деп бағалады.

ЕО мен АҚШ Ресей-Украина қарым-қатынасы шиеленіскеннен кейін Еуропа елдері үшін ресейлік газға балама іздеуде. Бұл мәселе ЕО Жоғарғы өкілі Джозеп Боррел мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің қатысуымен Энергетикалық кеңестің отырысында талқыланды.

Канада астанасында 29 қаңтарда басталған жүк көлік жүргізушілерінің COVID-ке қарсы шараларға наразылықтары жалғасуда. Ел астанасы мэрінің айтуынша, жағдай толығымен бақылаудан шығып, шерушілер саны полициядан асып кетті. Премьер-министр Джастин Трюдо қауіпсіздік мақсатында өз резиденциясынан кетіп қалды.

@socioexpert_01