Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Әлемдік саясаттың аптадағы басты жаңалықтары: Қазақстан Пр | SocioExpert

Әлемдік саясаттың аптадағы басты жаңалықтары:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен келді.
Сондай-ақ 5 ақпанда ҚР Президентінің ҚХР басшысы Си Цзиньпинмен кездесуі өтеді.

АҚШ Украина дағдарысын шешу үшін Ресей келіссөз жолын таңдайтынына үміт артып отыр. Бір күн бұрын шақырылған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында америкалық дипломаттар осылай деді. Кейінірек Джо Байден Ресейді дипломатияға шақырып, бұл ақпаратты растады.

Владимир Путин мен Си Цзиньпин Бейжіңде келіссөз жүргізді. РФ пен ҚХР басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады, онда Ресей мен Қытай кейбір мемлекеттердің басқа елдерге қысым көрсету үшін демократия түсінігін пайдалануына қарсы екендіктерін білдірді.

Ұлыбританияның Премьер-Министрі Киевке сапары барысында Украина президентімен кездесті. Бірлескен мәлімдемеде Борис Джонсон мен Владимир Зеленский Мәскеуге Украинаға одан әрі басып кіру ауыр гуманитарлық салдары бар үлкен стратегиялық қателік болатынын ескертті.

АҚШ әскерилері Сирияның солтүстігінде арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде ДАИШ* (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобының жетекшісі Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курейши өлтірілді. Вашингтон сынға алынған бұл рейдте бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты.

Армения парламенті 23 қаңтарда тиісті мәлімдеме жасаған республика президенті Армен Саркиссянның отставкасын қабылдады. Саркисян оның себебін ішкі және сыртқы саясаттың іргелі процестеріне ықпал ету үшін «қажетті құралдардың» жеткіліксіздігімен байланыстырады.

Amnesty International Халықаралық ұйымы Израиль үкіметін палестиналықтарға қарсы апартеид саясатын жүргізіп жатыр деп айыптады. Баяндамада аймақтағы соңғы қақтығыстар және ел азаматтарының құқықтары этникалық белгілері бойынша жүйелі түрде шектелетіні айтылды.

@socioexpert_01