2020-08-31 11:51:16
Тағы бір мүмкіндік
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ
Kozybayev University, "Ғoundation" факультеті ҚР азаматтарын 2020-2021 оқу жылына #ТілдікДайындықБөліміне оқуға түсуге шақырады!
.
Егер сіз ҰБТ-ден шектік ұпайға жете алмай, бір пәннен 5 ұпайдан төмен жинап, мемлекеттік білім беру гранттарының конкурсына қатыспаған болсаңыз немесе грантқа түсе алмай қалсаңыз, колледж аяқтап, жоғары білім алғыңыз келсе (жалпы қай жылы мектеп, колледж бітіргеніңіз маңызды емес), біз сізді 9 ай бойы Foundation факультетінде *тегін, ай сайын 23000 теңге көлемінде шәкіртақы алып*, 2021 жылы маусым айындағы ҰБТ-ге қатысып, жеке арнайы бөлінген квота арқылы оқуға түсуге шақырамыз.
.
Талабы: 9 ай күшейтілген тілдік курсты (ағылшын тілі) ҰБТ-де тапсыратын міндетті 5 пәнмен қоса оқисыз.
.
ЕСКЕРТУ: 2021 жылы ҰБТ-де таңдау пәніңіз математика-физика, химия-биология бағытында ғана болады.
.
Нәтижесінде 2021-2022 оқу жылына бөлінген арнайы жеке квотаға конкурс арқылы грантқа түсесіз. ҰБТ-ден педагогикалық мамандықтар тобына арналған шектік 70 баллды жинауыңыз қажет. Грантқа өтініш жазғанда тек физика мұғалімдерін даярлау тобы, информатика мұғалімдерін даярлау тобы, химия мұғалімдерін даярлау тобы, биология мұғалімдерін даярлау тобы атты мамандықтарды ғана таңдай аласыз.
.
4 жыл бакалавр дәрежесінде физика, информатика, химия, биология мұғалімдерін ағылшын тілінде оқыта алатын маман иесі болып шығасыз .
Тілдік дайындық бөліміне тіркелу онлайн түрде болады. Мерзімі 5 қыркүйекке дейін!
.
Онлайн тіркелу үшін, талапкерге:
Жеке куәлік.
Аттестат;
Телефон нөмірі;
Электрондық пошта адресі қажет.
Осы құжаттардың электронды нұсқасын (фотоға түсіруге де болады) көрсетілген WhatsApp номерлеріне жібересіздер, біз тіркеуді жасап береміз!
.
ЕСКЕРТУ: Тілдік Дайындық бөліміне оқуға қабылдау емтиханы ҰБТ түрінде өтеді (тест). Ағылшын тілі+таңдау пәннің бірі (химия, биология, физика)
.
10-15 қыркүйек аралығында онлайн түрде тапсырады.
.
Біздің университетті таңдайтын талапкерлермен байланыста болып, жаңалықтарды ұдайы хабарлап отырамыз. (WhatsApp-та топтар құрылады)
Тілдік Дайындық бөліміне оқуға грантқа түсу конкурсының нәтижесі 28-30 қыркүйек аралығында шығады. Грантқа түскен тыңдаушыларымызбен оқуды 1 қазан күні бастаймыз!
Төтенше жағдайға байланысты карантиннің аяқталуы белгісіз. Бұл жағдайда замануи бағдарламалармен 1 семестр онлайн, қашықтықтан оқытылады.
Оқуға келген кезде өзіңізбен бірге алып келетін құжаттар тізімі:
Жеке куәлік;
Аттестат;
086 медициналық анықтама.
Екпе(вакцина) картасы. Қосымша құжаттар қажет болған жағдайда хабарлап айтамыз.
Барлық сұрақтар бойынша:
Қазақ тілінде оқимын деген талапкерлер- 87776076288
87472235899
Орыс тілінде оқимын деген талапкерлер
87712193470-Whatsapp арқылы хабарласыңыздар, телефон соғып, хабарласыңыздар.
Тегін 9 айлық тілдік дайындық бөлімі!
Ай сайынғы шәкіртақы!
Заманауи жатақхана (айына 3000 теңге) !
Қызықты студенттік өмір !
ҰБТ тапсырып, педагогикалық мамандыққа түсудің жоғары мүмкіндігі!
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ
1.6K viewsАлмагуль, 08:51