Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Достар, Тұлға болам сайысының жақын арада финалы болады. Осыға | ОФ «Шұғыла»

Достар, Тұлға болам сайысының жақын арада финалы болады. Осыған байланысты сіздерді сайыстың демеушілерімен таныстырсақ деп отырмыз:

Жобамыздың бас демеушісі Gregomart - смартфондар, теледидарлардан электрлік велосипедтерге дейін сататын электроника дүкені. 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өнімдері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін сенімді өндірушілермен жұмыс істейді.

JAKKO - компаниясы сумен, жылумен және кәрізбен қамтамасыз ететін инженерлік жүйе саласындағы сауда компаниясы ретінде 2002 жылы құрылған болатын. Бүгінгі таңда ол сауда және өндіріс компаниясы болып табылады.

ALMATHERM - су, жылу және кәрізбен қамтамасыз ететін инженерлік жүйе саласындағы сауда компаниясы ретінде 2013 жылы құрылған. Бүгінгі таңда ол инженерлік сантехникада № 1-ші кәсіпорын болып табылады.

Le Porte M фабрикасы – Қазақстан Республикасындағы ішкі есіктердің ірі өндірушісі. Есіктер тек заманауи кәсіби жабдықталған, автоматтандырылған зауытта шығарылады. Шетелдің жетекші өндірушілерінің экологиялық материалдары қолданылады.

Жоғары әлеуметтік жауапкершілікпен еліміздегі қайырымдылықты дамытуға қосқан қомақты үлестері және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қосқан лайықты үлестері үшін барлық демеушілерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз.


#шұғыла #шугыла #shugylakz #благотворительностьалматы #благотворительностьказахстан #tulgabolam