Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Нағима Батырбекқызына Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер. До | ОФ «Шұғыла»

Нағима Батырбекқызына Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер. Достар, қаңтар айында болған жағдайларға байланысты «Тұлға болам» сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болмай қалды. Сол себіпті қатысушылардың сыйлықтарын пошта арқылы жібердік. Кеше сайыстың 2 маусымының басты сыйлығы 1 бөлмелі пәтердің кілтін Түркістан облысының тұрғыны жеті баланың анасы Нағима ханымға табыстадық. Жаңа қоныс құтты болсын!
Сонымен қатар қорымыздың басшылығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен кездесу өткізді. Кездесу барасында «Тұлға болам» кітап оқу сайысының жоспарлары, мақсаттары, сайыстың 3-ші маусымы жайында айтылды.
Сайыстың келесі маусымы жайында болашақта анонс жасайтын боламыз. Кітап оқып тұлға болғыңыз келеді ма?

#шұғыла #шугыла #shugylakz #благотворительностьалматы #благотворительностьказахстан #tulgabolam