2022-01-10 11:42:54
ҚР ИИДМ: шет елдердегі отандық туристер елге астана арқылы жеткізіледі
Жаңа жылдық демалысқа БАӘ, Шри-Ланка, Таиланд, Мальдив және Гоаға кеткен туристерді елге жеткізу жұмыстары мүмкіндігінше жеделдетіліп, елорда әуежайы арқылы жүргізіледі.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, әуе компанияларының, әуежайлардың, "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының басшылығымен өткен кеңейтілген кеңесте шет елдерге демалысқа кетіп, әуежайлар жұмысының тұрақсыздығына байланысты елге оралуы қиындаған қазақстандықтарды эвакуациялау кестесін тез арада әзірлеуді тапсырды.
Кеңесте рейстерді ұйымдастыруға тартылған барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының егжей-тегжейі пысықталды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығына пойыздарды жасақтау кезінде жолаушыларды қайтару кестесін ескеру және оларға барынша көмек көрсету тапсырылды.
МИИР РК: Возвращение отечественных туристов за рубежом будет проводиться через столицуВозвращение туристов, выехавших на новогодний отдых в ОАЭ, Шри-Ланку, Таиланд, на Мальдивы и ГОА, будет максимально ускорено и будет проводиться через столичный аэропорт.
Вице-министр индустрии и инфраструктурного развития РК Берик Камалиев на расширенном совещании с руководством Комитета гражданской авиации, Комитета индустрии туризма Министерства культуры и спорта РК, авиакомпаний, аэропортов, АО «НК «КТЖ» и Ассоциации туроператоров Казахстана, дал поручение в кратчайшие сроки разработать график эвакуации казахстанцев, выехавших на отдых в теплые страны и лишенных возможности вернуться по причине дестабилизации работы алматинского аэропорта.
На совещании были отработаны детали взаимодействия всех участников, задействованных в организации обратных рейсов. Руководству АО «Пассажирские перевозки» НК «КТЖ» дано поручение учесть график возврата пассажиров при составлении поездов и оказывать им максимальную помощь.
@miirkz
905 views08:42