Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Достар! Бүгінгі күні киікті ату мәселесі қоғамда өте өзекті т | Saken Dildakhmet

Достар!

Бүгінгі күні киікті ату мәселесі қоғамда өте өзекті тақырыптың біріне айналды. Киіктерді сақтап, олардың өсімін молайту бойынша мен біраз уақыт бойы айтып келе жатырмын.

Еліміздің бірнеше БАҚ көздерінде сұқбат бердім. Киіктерді атумен мәселе шешілмейді. Қайта олардың санын көбейтіп, тарихи мекен ортасын қалыпқа келтіруіміз қажет.

Киіктерге қатысты мәселені мына видеода айтып кеттім. БАҚ өкілдері осы видеоны негізге алып, сұқбат ретінде шығара берсеңіздер болады. Сіздердің тараптарыңыздан көп сауал келуде. Соған жауап ретінде де осы материалды жазуды жөн көрдім.