Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Пахлава __________ Қажетті заттар: Маргарин-200 гр Ұн қ | Tokyo muz🉐

Пахлава
__________
Қажетті заттар:
Маргарин-200 гр
Ұн қажетінше
Айран-1 пиала
Қопсыткыш-1 дана
Сода-1 қасық
Жұмыртқа-4 дана
Шекер-1 кесе
Майдаланған жаңғақ-1 кесе
Мейіз-1 кесе
_________
Дайындалуы
Маргаринды ыдысқа салып ұнмен араластырамыз. Сосын айранға 1 қасық сода салып араластырамыз, көпірген соң ұнның үстіне құямыз. Сосын 4 жұмыртқа сарысын, қопсыткыш салып, илейміз. Қамырды 5 бөлікке бөлеміз. Оның 3 бөлігін таба көлеміне сай жайып, пісіріп аламыз. Жұмыртқаны шекермен миксермен көпіртеміз. Сосын қалған 2 бөлік қамырдың біреуін жайып, табаға саламыз. Оның бетіне көпіртілген жұмытқаны жағып мейіз себеміз. Сосын оның бетіне піскен қамырды салып, және жұмыртқа жағып жаңғақ себеміз. Осылай жалғастырамыз. Сосын бетіне пісірілмеген қамырды жайып, жабамыз. Қамырдын бетіне жұмыртқаның сарысын жағамыз. Сосын бөліктерге бөліп, бетін қалағанша сәндейміз. 200 градуста пісіреміз.
Астарыңыз дәмді болсын!