Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Палау _____________ Дайындалуы; _______________ 300г 400г м | Tokyo muz🉐

Палау
_____________
Дайындалуы;
_______________
300г 400г майды қыздырып етті қуырып, пиязды да қызарғанша қуырып, 1кг сәбізді (сары және қызыл сәбізді араластырып тураймын) 700г су құйып(сәбіз суға батпай тұратындай) қайнаған соң отын басып, 1 сағаттай қайнатамыз. Палауға арналған мейізді де қайнап жатқанда саламыз (мен бір уыс салдым), тұз татымына қарай. 1кг күрішті (лидер, янтарь, хорезм күріштері жақсы. Мен күрішті 20-30 минут міндетті түрде салқын суда жібітіп аламын) салып, күріш суға батпай тұруы керек, зіре себелеп, отты барынша көтеріп, қақпағын ашып, суы тартылғанша қайнатып, ортасына қарай тегістеп жинап, сосын 5-6жерінен тесіп 1пиала суды әр тескен жерге бөліп құйып, сарымсақты бүтіндей күрішке батырып салып, қақпағын жауып, баяу отта 15-20минут демдеу керек. палауды сәбіз салған соң мүлдем араластырмайсыз бірден су құйдым, күрішті де араластырмайсыз ,яғни 1-қабат ет, пияз, 2-сəбіз, 3-күріш болып тұруы керек. Астарыңыз дәмді болсын!