Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Ras Aitamyn сіздерді Жаңа жылмен құттықтайды Ras Aitamyn түге | Ras aitamyn

Ras Aitamyn сіздерді Жаңа жылмен құттықтайды

Ras Aitamyn түгесіліп жатқан 2021 жылды қорытындылайды. Қысқаша қайырар болсақ, біз әрбір аймақтың әкімдігі “жағымды” материалдарға бюджеттен қанша ақша жұмсайтынын алғашқылардың бірі болып жаздық. “Пандемия кезіндегі пропаганда” жобасының аясында астана, Алматы, Шымкент, тағы басқа өңірлердің әкімдіктері қандай ақпарат құралдарына қанша көлемде тендер бергенін талдадық.

ҚазҰУ жерлері өтіп кеткен компаниялардың артында Тимур Құлыбаев тұрғанын алғашқы болып жаздық. Ras Aitamyn бұдан өзге де қоғамдағы маңызды мәселелер жайлы материалдар жариялады.

Осы сәтті пайдалана отырып Kz.Media, Orda.kz Factcheck.kz, За нами уже выехали, БЕСсимптомно, Protenge, Rukh2k19-тегі әріптестерімізге алғыс айтамыз. Айналып келгенде, бәріміз ортақ мақсатта - билік азаматтардан жасыратын ақпаратты оқырманға жеткізу үшін жұмыс істеп жүрміз.

Құрметті оқырмандар, біз сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз. Бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Ең бастысы, құқықтарыңыздың сақталғанын және сіз төлейтін салықтың өзіңізге пайдасы тиетін істерге жұмсалғанын тілейміз.

Біз өздеріңіздей оқырмандарымыздың бар болғанына қуанамыз, бұл бізді жаңа ізденістерге бастайды, жігерлендіреді.Соңғы уақытта арнамызда материалдар шықпағанына қарамастан, бізбен бірге қалғандарыңыз үшін рахмет. 2022 жылы сіздерді жаңа материалдармен қуантатын боламыз.

Ras Aitamyn-ның Instagram-дағы парақшасына жазылуды ұмытпағайсызар

Бізбен бірге болыңыз, біз рас айтамыз.