Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

​​Кітапсүйер ұстаздар үшін керемет жаңалық! Қазақ тіліндегі мұ | Проактивный Методолог

​​Кітапсүйер ұстаздар үшін керемет жаңалық! Қазақ тіліндегі мұғалімдерге арналған кітаптар көбейе түсуде. Ұстаздарға арналған алғашқы Ustaz Professional Learning Centre кітабы жарық көрді!

Қарсы алыңыз: тәжірибелі маман Робин Джексонның "Never Work Harder than Your Students" бестселлер кітабының қазақша нұсқасы: "Шәкіртіңнен саспа, немесе ұстаз болам десеңіз...".

Осы кітаптың шығуына үлес қосқан, ат салысқан педагогдар, аудармашылар, редакторлар және USTAZ Professional Learning Centre ұжымына мың алғыс! Дәл қазір кітаптарды Қазақстанның барлық аймақтарына жеткізу жұмыстары жүріп жатыр, алдын ала тапсырыс беремін деушілер төмендегі сілтемені толтыруыңыз жеткілікті: tiny.cc/ustazbolam

Барлық ұстаздар кәсіби дамудың маңызды әрі қажет екендігін, егер өмір бойы білімін толықтырмаса, қазіргі жасөспірімдермен жұмыс жасау оңай еместігін түсінеді. Алдын-ала тапсырыс беріңіз және кітап шолуымен бөлісуді ұмытпаңыз.