Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қазақстанда демалыс күндері өткінші жаңбыр жауып, қатты ыстық | ОКҚ - «Орталық коммуникациялар қызметі»

Қазақстанда демалыс күндері өткінші жаңбыр жауып, қатты ыстық күтіледі

Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары, өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді. Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді. Солайша бұлттардың саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Ауа температурасының негізгі аясы күндіз келесідей күтіледі: батыста + 25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45°С.