Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

_saffat_ 🖇

Логотип телеграм канала @nfttso_01 — _saffat_ 🖇 S
Логотип телеграм канала @nfttso_01 — _saffat_ 🖇
Адрес канала: @nfttso_01
Категории: Без категории
Язык: Русский
Количество подписчиков: 363
Описание канала:

Там,где отдыхает твое сердце ❤️🩹
insta: https://instagram.com/kozhamkulovaa_?utm_medium=copy_link

Рейтинги и Отзывы

2.00

2 отзыва

Оценить канал nfttso_01 и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

0

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

2

1 звезд

0


Последние сообщения

2023-01-30 13:48:39 Хасан Басри:
– Кішіпейілділіктің не екендігін білемісің? – деп сұрады. Кейін сөзін жалғастырып:
Кішіпейілділік – жолыққан әрбір мұсылманды өзіңнен жоғары екендігін қабыл етуің, – деді.
81 views10:48
Открыть/Комментировать
2023-01-29 04:05:06 Жақсылыққа шақырушы бол, я болмаса оларды қолдаушы бол!

Бірақ, үшіншісі болма)
137 views01:05
Открыть/Комментировать
2023-01-17 18:46:15 Қыздың бойынан табылуы керек ең бірінші қасиет.

Данияр Жігітбек ағамыз өзінің "Не үшін үйлену керек" атты кітабында қыз балалардың бойынан табылуы керек ең маңызды қасиеттерінің бірі - мейірімділік екенін айтады.
Мейірімділік - бұл гармония, жанашырлық, адамды бағалау, оның көңіліне қарау, жұмсақтық. Мейірімсіз қыздар бола ма? 100% мейірімсіз қыз болмайды.
Аға былай айтады «мейірімділік болмысына айналып кеткен және кейде мейірімділік танытатын қыздар бар» деп.
Данияр аға мейірімділік болмысына айналып кеткен қызды ізде деп кеңес береді.
Ондай қыз үлкендерге қатты сөз айта алмайды.
Табиғаты сондай. Ата-енесіне қатты сөз айтатын немесе оларға жаны ашымайтын келіндер де бар. Мысалы, келін-ене арасында бәрібір бір түсініспеушілік болады. Енесі келінінің көңіліне келетін бір сөз айтуы немесе бір әрекет істеуі мүмкін. Келіні іштей оған ашулануы да мүмкін. Бұл — заңды нәрсе. Сосын бір уақытта енесі ауырып қалса, міне, сол кезде қыздың қаншалықты мейірімді екені көрінеді.
Жаны ашып, қызметін жасай ма әлде «маған бәрібір» деп жүре бере ме? Мейірімді қыз қанша жерден өзіне қатысты зәбір көрсе де, басқаларға қатысты ондай нәрсе істей алмайды. Оның бойында ондай функция жоқ немесе өшкен.
Мейірімді қыз балаларға мейіріммен қарайды. Кейін балалары қанша жерден мазасын алып, миын жесе де, оларды тоқпақтауға дейін, үйден қуып жіберуге дейін бармайды.
Қыздың қаншалықты мейірімді екенін қалай білуге болады?.
Оның неге мән беретініне қарау керек. Адамның көңіліне көбірек қарай ма әлде өзінің жұмысы біткеніне ме? Өзін, өз қалауын екінші орынға қоя ала ма, жоқ па? Бұл өзіңді жақсы көрмеу, үнемі екінші орынға қоя беру дегенді білдірмейді.
Кейінгі кезде «алдымен өзіңді жақсы көр, өз шекараңды қорға, өз қалауыңды алдымен жүзеге асыр» деген сөздер көп айтылып кетті. Негізі қате сөз дей алмаймын. Бірақ оны шала түсініп, шала әрекеттер жасап жүргендер көп. Кейде ойлаймын осы біз психологиялық кітаптарды оқып алып, эгомызды одан сайын семіртіп жатқан жоқпыз ба деп. Эго бар жерде мейірім жоқ. Сенің өз эгоңды өшіре білуің өзгелерді бағалауыңа жол ашады.
Мейірімді болу үшін эгоңды өшіруің керек.
Меніңше, өзіңді жақсы көру деген нәрсе өзгелерді жақсы көруді де қамтуы керек сияқты. Яғни, менің өзімді жақсы көруім өзгелерді жақсы көруіме көмектеседі дегендей. Мен өзімді жақсы көруім арқылы өзгелерді жақсы көре түсемін. Екеуі бір-біріне кедергі келтірмейді.
Мысалы, бір психологтың әңгімесін естіп алған жас қыз-жігіттер ата-аналарына «менің өз шекарам бар, мен өз қалауымды орындаймын, өміріме араласпаңдар» деп шыға келуі мүмкін. Үлкеннің көңіліне қарау, мейірім таныту деген мәселені қарастырмайды да.
Сөйтіп ол өз дегенін жасайды. Енді ойлап көрейікші, осы әрекетті жасау арқылы ол өзгені, яғни, ата-анасын жақсы көріп тұр ма? Әлде тек эгосын семіртіп тұр ма? Ал былай істесе ше: мен ата-анама қызмет етейін, олардың көңіліне қуаныш сыйлауды ойлайын. Сол арқылы олардың мейірімге мұқтаждығын өтейін.
Негізі үлкен кісілер қартайған сайын бала сияқты бола бостайды. Мейірімге, көңілге мұқтаж бола бастайды.
Осылайша сен олардың жүрегін жылытасың, көңілін жібітесің. Батасын аласың. Өзіңді сүйікті сезінесің, біреуге керек екеніңді түсінесің. Өзіңді басқаша жақсы көре бастайсың. Сосын өз дегеніңді жасай берсең болады.
Осылайша сенің өзіңді жақсы көргеніңнен ешкім зардап шекпеуі керек.
Егер сенің өзіңді жақсы көргеніңнен біреу зардап шегіп жатса, онда тактикаңды өзгертіп көруің керек шығар.
300 views15:46
Открыть/Комментировать
2023-01-12 18:34:24
ер жігіттің көкрегі жүкті болмаса, әйелі әулие тумайды…

қалай ол сонда? “жүкті” болу дегеніміз dertli olmamız lazım

жақсы істерге, салих амалдарға дертті болу

көкірегіміз үлкен мақсаттарға “жүкті” болуы тиіс, ел деңгейінде, керек болса әлем деңгейінде

қалайша сондай үлкен көкірегімізге ұсақ заттарды/жаманды жинауға болады?

әркім өз ортасын дұрыстаса да, сол әлем деңгейіндегі жақсы амалдарға апарар бір пазл

оны қойшы, өзімізді жақсы жаққа бұрып, үлгі бола білсекте арғы жақта ниетіміз үшін сауап алармыз…

құмырсқа оқиғасы есіме түсіп кетті…
257 views15:34
Открыть/Комментировать
2023-01-05 16:42:12 отрывок из книги:

«Счастливо живут лишь те женщины, которые всегда или почти всегда действуют, исходя из своего состояния. Но для этого необходимы раскрытое жизни сердце и умение дарить любовь, дарить ее без всяких условий. Когда ум наполнен любовью, к женщине приходит мудрость»
255 views13:42
Открыть/Комментировать
2023-01-05 15:14:55 құмарлыққа келгенде нәпсің қаншалықты күшті болса, оған бағынбаудың сауабы да соншалықты көп болады.
шыда.
асау нәпсіні жүгендесең, алатын үлесің де таудай болады.
233 views12:14
Открыть/Комментировать
2023-01-04 14:07:14

278 views11:07
Открыть/Комментировать
2023-01-01 22:16:56 «Духа намазын оқуды әдетке айналдырған адам шәһид болып өледі.»

~
Рәддул-Мухтар
291 views19:16
Открыть/Комментировать
2022-12-31 19:57:49 Болашақ жарыңа деген құрмет отбасы құруға дайындығыңнан басталады…
269 views16:57
Открыть/Комментировать
2022-12-24 10:40:52 "Ол намазды емес, намаз оны тастап кетті" немесе "ол хиджабты емес, хиджаб оны тастап кетті, себебі ол лайық болмады" деген сөздерді жиі естиміз. Былай қарасаң бір керемет сөз секілді. Асылында олай емес:

1) намаз да, хиджаб та тастап кететін адам не хайуан секілді  жаны бар мақұлық емес. Яғни намаз адамды тастамайды, адам намазды тастайды(нәпсі, жалқаулық себепті) және сол үшін күнә алады, Алланың алдында жауап береді.

2) Адам лайық болмаған соң намаз/хиджаб оны тастап кетті дейді. Қате сөз. Себебі Алланың бұйырған парызына лайық/лайық емес деген әңгіме жүрмейді. Иман келтірген, балиғатқа толған, есі дұрыс адамның бәріне - парыз, болды, талқыланбайды. Бізге хидаят беріліп, намаз оқуымыз - ол Алланың рахымы. Біз соған лайық болғанымыз үшін нәсіп еткен жоқ. Егер біреу ол намазға/хиджабқа лайық болмағаны үшін намаз/хиджаб оны тастап кетті дейтін болса, ол адамның өзінен "сонда ол лайық емес, ал сен лайық болғаның ба? Сен одан артық болғаның ба?" деп сұраймыз. Демек, ол намазға/хиджабқа лайық болмады деген сөз дұрыс емес.

3) Мейлі, адамдардың пікірімен тіпті лайық болмадым деп есептегеннің өзінде де үміт пен үрей құстың екі қанатындай қатар жүруі керек. Біріншіден, лайық болмауы - үрейдің туындауына түрткі болатын үлкен себеп. Екіншіден, лайық емеспін деп үмітсіздікке салыну - Аллаh тағаланың рақымына шүбə келтіру. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бұл - бейғам құлдың шайтанның астарлы айласымен құрылған тұзағына түсіп, өзін-өзі ақтап алуы. Сол үшін адам баласы алуан түрлі ақтау болар айғақ таба бермей, шама-шарқы жеткенше лайық болуға тырысуы керек.

Осы уақытқа дейін намаз бастап, кейін тастап кеткен бірнеше адамды жолықтырып, намазды тастау себебін сұрағанымда "негізінде намаз бізді тастап кетті ғой, намазға лайық болмадық қой" деп өзін тастап жібергеніне, қайта бастаудан күдерін үзгеніне немесе қайта бастамауға осы сөзді керемет сылтау етіп алғанына талай куә болдым.

Сондықтан намаз адамды тастамайтынын, адам өзі намазды жалқаулықпен, нәпсіге ерумен тастап кететінін және тастаған күндері үшін Алла алдында жауапты екенін айтуымыз керек. Сонымен қатар Алланың мейірімінен ешқашан күдер үзуге болмайтынын, Раббымыздың тәубелерді қабыл етуші, кешіруші екенін айта отырып, намазды/хиджабты қайта қолға алуыны ынталандыруымыз керек.

@ali_sagatuly парақшасынан алынды
389 views07:40
Открыть/Комментировать