Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

بسم الله الرحمن الرحيم Құрметті ғалым Ибн аль-Қойм (Аллаһ он | Пользы

بسم الله الرحمن الرحيم

Құрметті ғалым Ибн аль-Қойм (Аллаһ оны рахым етсін) айтады:


"Аллаһтың разылығына жету үшін Аллаһтан көмектесуін сұрау - Раббыдан сұралатын дұғалардың ең абзалы болып табылады.
Пайғамбар ﷺ өзінің сүйікті сахабасын Муаз ибн Джабальді (Аллаһ оған разы болсын) үйреткен дұғасы сондай еді: "Әй, Муаз! Аллаһпен ант етемін, мен сені жақсы көремін. Әр намаздың соңында осылай айтуды ұмытпа: "Аллаһым, Сені еске алуға, Саған шүкір етуге, және Саған көркем түрде құлшылық қылуға жәрдем бер."

(اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ وَشُكْرِكَ وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ)

ابن القيم رحمه الله، مدارج السالكين

Дайындаған: Сәтімжан абу Муса