Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Naqty Sauda Akt одан әрі жетілдірілді! Құрметті Naqty Sauda | Цифровая маркировка товаров в Казахстане

Naqty Sauda Akt одан әрі жетілдірілді!

Құрметті Naqty Sauda Akt мобильді қосымшасын пайдаланушылары, сүйінші! Біз Naqty SaudaAkt мобильді қосымшасын жетілдіру бойынша сіздің ұсыныстарыңызды ескеріп, келесі жұмыстарды орындадық: 

Қабылдау-тапсыру актілеріне (ҚТА) қол қою уақытын қысқарттық;
Мобильдік құрылғы арқылы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТ ҚАЖ) тіркелу мүмкіндігін қостық (ДК енді қажет емес!);
"Айналымнан шығару туралы хабарлама" функциясын қостық;
Техникалық қолдау бойынша сұраныстарды өңдеу уақытын қысқарттық.

Сондай-ақ, қазір "Автоматты түрде шығу" функционалын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Naqty Sauda akt ver 2.0. қосымшасының жаңартылған нұсқасы Play Market-те мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.naqty.saudaakt